Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ

Мақтаарал ауданы әкімдігі аппаратында өтініштерді қарау тәртібін жетілдіру, әкімшілік рәсімдік–процестік кодекстің (ӘРПК) талаптарын сақтау және «E-Otinish» ақпараттық жүйесімен жұмыс сапасын арттыру мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение помост и текст

Аталған жиын мемлекеттік басқару саласындағы заманауи талаптарға сай тұрғындармен кері байланысты нығайту, азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеудегі ашықтық пен жауапкершілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жиынға аудан әкімі аппараты мен дербес бөлімдердің мамандары, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілері және заңгерлері қатысты. Бұл — тұрғындармен жұмыс сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған кең ауқымды талқылау болды.

Жиынды Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұржан Атақұлов пен Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштердің қаралуын бақылау бөлімінің басшысы Айдана Амирбек бірлесіп жүргізді. Олар мемлекеттік органдардың халықпен кері байланыс орнатудағы жауапкершілігі артып отырғанын, әсіресе «E-Otinish» жүйесі арқылы түскен өтініштерді сапалы және уақытылы қараудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, бұл жүйенің азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырудағы рөліне ерекше тоқталды.

Возможно, это изображение учеба и отдел новостей

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасаған Айдана Амирбек мемлекеттік қызметшілер тарапынан жиі жіберілетін қателіктерге, өтініштерді қарау мерзімдерін бұзбау қажеттігіне, процестік шешімдердің дұрыс рәсімделуіне және азаматтарға түсінікті тілде жауап беру мәдениетіне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, баяндамашы «E-Otinish» жүйесінде жұмыс жүргізудің жаңартылған алгоритмдерін, өтініштерді тіркеу, бағыттау, бақылау және қорытындылау тәртібін жан-жақты түсіндірді. Мемлекеттік қызметкерлерге тұрғындармен өзара тиімді байланыс орнату, өтініштердің мазмұнын сапалы талдау және құқықтық тұрғыда сауатты жауап дайындау бойынша нақты ұсыныстарын берді.

Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся

Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасу форматында пікір алмасты. Ұйымдастырушылар үшін бұл оқыту іс-шарасы аудан көлемінде мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға, заң талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуге және тұрғындардың өтініштерін қарау сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам екені атап өтілді.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*