Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ӨНІМ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ӨНІМ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында бір рет қолданатын биоыдырайтын ыдыстар мен қаптама өндіретін заманауи зауыттың іргетасы қаланды,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Жобаны «PULPSTYLE» ЖШС іске асырмақ.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Маңызды инвестициялық жобаның басталуына арналған салтанатты рәсімге Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жаңа кәсіпорынның капсуласын салу арқылы жобаның сәтті жүзеге асуына тілектестік білдірді.

– Облысымыз үшін әрбір инвестициялық жобаның стратегиялық маңызы зор. Өйткені жаңа зауыт дегеніміз – жаңа жұмыс орындары. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық бағытын айқындап, нақты міндеттер жүктеді. Осы ретте, біз экономиканы әртараптандыру жұмысын қарқынды түрде бастап кеттік. Инвесторлармен келісіп, импорт алмастыратын тауарларды шығаруға басымдық берудеміз. Сол жобалардың бірі – бүгін іргетасы қаланған «PULPSTYLE» компаниясының бір рет қолданылатын ыдыстар мен қаптама жасау кәсіпорны. Біріншіден, жобаға 1,5 млрд теңге инвестиция тартылып, 50 жұмыс орны құрылады. Екіншіден, экологияға пайдалы биоыдырайтын өнімдер шығарылады. Бұл – облысымыздың жаңа өндірістік әлеуетін көрсететін нақты қадам. Осы бастаманы қолға алған инвесторларға алғысымды білдіремін. Менің басты мақсатым – Түркістан облысын дотациялық аймақтан шығарып, өзін-өзі толық қамтитын өңірге айналдыру. Ел бірлігі мен ортақ жұмыс арқылы бұл межеге жетеміз деп сенемін. Түркістан өңірінің ең басты байлығы – адами капитал мен еңбек ресурстары. Жаңа кәсіпорын уақтылы іске қосылып, халықты отандық өніммен қамти берсін! – деді облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлы.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Аталған кәсіпорынды ашу бойынша 2025 жылдың қыркүйек айында инвестормен келіссөздер жүргізілген болатын. Бір рет қолдануға арналған биоыдырайтын ыдыстар мен қаптама жасау жобасының жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Жоба аясында 50 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделіп отыр. Қазіргі таңда қажетті құрал-жабдықтар толық жеткізіліп, кедендік рәсімдеуден өткізілген. Нысан барлық инженерлік инфрақұрылым желілерімен қамтылған. Өндіріс орнын 2026 жылдың наурыз айында іске қосу жоспарлануда.

Жалпы, Түркістан облысында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру мақсатында 20 индустриалды аймақ және «Turan» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Бүгінде индустриалды аймақтарда жалпы құны 152 млрд теңгені құрайтын 99 инвестициялық жоба іске асырылуда. Нәтижесінде 6 361 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазіргі уақытқа дейін 39 млрд теңге инвестиция тартылып, 50 жоба іске қосылып, 2 609 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Возможно, это изображение динамик, отдел новостей, помост и текст

Ал «Turan» арнайы экономикалық аймағында 211,8 млрд теңгеге 28 ірі жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар үшін шағын өндірістік парктер іске қосылған. Бұл аймақтарда кәсіп ашуға барлық қолайлы жағдай жасалып, мемлекеттік қолдау көрсетілуде.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*