Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯ МЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ ЖАЛПЫ КӨЛЕМІ 2,5 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯ МЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ ЖАЛПЫ КӨЛЕМІ 2,5 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

Түркістан облысы экономикасының негізгі драйверлері – инвестиция, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Осы бағыттардағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде кеңінен талқыланды.

Нет описания фото.

Мәжілісте Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшыларының есептерін тыңдап, аудан және қала әкімдеріне экономиканың негізгі салалары бойынша белгіленген индикаторларды толық орындап, жұмысты жүйелі түрде жандандыруды тапсырды.

– Біздің мақсатымыз – облысты өзін-өзі қамтитын өңірге айналдыру. Ол үшін өндіріс орындарын көбейтіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу қажет. Инвестиция тарту жұмыстары тұрақты әрі сапалы атқарылуы тиіс. Белгіленген индикаторларды орындамаған басшылардың жауапкершілігі қаралады, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.

Мәжілісте Өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Шонбасовтың есебі тыңдалды. Оның айтуынша, 2025 жылғы 24–25 қараша аралығында Түркістан қаласында өткен «Turkistan Investment and Tourism Forum-2025» халықаралық инвестиция және туризм форумына шетелден 153 компания, жалпы 300-ден астам делегат қатысқан.

Аталған халықаралық форум аясында жалпы құны 432,2 млрд теңгені құрайтын 9 меморандумға қол қойылған. Бұл келісімдер арқылы өңірде мақта кластерін дамыту, металды терең өңдеу, индустриалды аймақ құру, қағаз өндіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өзге де ірі инвестициялық жобаларды іске асыру көзделіп отыр. Сондай-ақ аудан және қала әкімдері тарапынан да шетелдік инвесторлармен бірқатар меморандумдар жасалған.

Нет описания фото.

Жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері Түркістан облысының экономикасына 1,4 трлн теңге инвестиция тартылып, өсім 123 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш өңірдің инвестициялық тартымдылығы артып келе жатқанын және қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін айқын көрсетеді.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*