Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ МЕН ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ МЕН ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағында жүзеге асырылып жатқан тұрғын үй құрылыстарының барысын бақылап, бірқатар әлеуметтік нысандардағы жұмыстардың жай-күйімен танысты,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение туман

Алдымен қала басшысы әкімдік тапсырысы аясында салынып жатқан «Жібек жолы» тұрғын үй кешеніндегі құрылыс жұмыстарын аралады. Аталған кешенде қазіргі таңда 10 көп қабатты тұрғын үй бой көтеруде. Оның ішінде 6 тұрғын үйден сатып алынатын арендалық бағыттағы 512 пәтер пайдалануға берілмек. Ал қалған 4 тұрғын үйдегі 432 пәтер «Отбасы банк» арқылы жеңілдетілген ипотекалық кредиттік бағдарлама аясында тұрғындарға ұсынылады. Бұл жобалар тұрғындарды баспанамен қамту мәселесін кезең-кезеңімен шешуге бағытталған.

Құрылыс нысандарын аралау барысында қала әкімі тұрғын үйлердің сапасына ерекше мән беріп, мердігер мекеме басшыларымен кездесті. Кездесу кезінде анықталған кемшіліктерді жою, құрылыс жұмыстарын белгіленген талаптарға сай әрі уақытылы аяқтау қажеттігін қатаң ескертті. Сондай-ақ сапасыз атқарылған жұмыстарға жол берілмейтінін атап өтті.

Сонымен қатар Әзімбек Пазылбекұлы ипподромға апаратын жол бойындағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарымен танысты. Аталған аумақта 1500 дана ағаш отырғызылып, су ұңғымасы қазылып, автоматты суару жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, биіктігі 2 метр болатын қоршаулар орнатылып, аумақтың көріктендірілуіне ерекше көңіл бөлінуде.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст "JINTEGRA Il conatruction construction"

Аралау барысында қала басшысы денсаулық сақтау нысандарын да назардан тыс қалдырмай, 1 мөлтек ауданында орналасқан №3 қалалық аурухана мен Н. Сандыбаев көшесіндегі №6 отбасылық ауруханасында болды. Алдағы жылға жоспарланған ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша сала мамандарымен кездесіп, халық денсаулығы әрдайым басты назарда болуы тиіс екенін, емделушілер мен келушілерге барынша қолайлы жағдай жасалуы қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Әзімбек Пазылбекұлы биыл қолға алынған 32 көп қабатты ескі тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңғырту және әрлеу жұмыстарының орындалу барысын да бақылады. Бұл бастама қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Қала әкімі аталған жұмыстардың жүру қарқыны мен сапасы өзінің тікелей бақылауында екенін айтып, барлық жауапты мекемелерге белгіленген жоспарларды сапалы іске асырып, тұрғындардың игілігі үшін бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*