Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: 20 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: 20 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Түркістан қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, корпорация қызметкерлері мен сала ардагерлерін айтулы мерейтоймен құттықтады.

Возможно, это изображение помост и текст

Салтанатты жиында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Бахыт Басымбек сала дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерді марапаттап, үздік мамандарға құрмет көрсетті. Шара барысында корпорацияның 20 жылдық даму жолы, қол жеткізген жетістіктері кеңінен айтылып, қызметкерлер үшін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2005 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен «бір терезе» қағидатын енгізу нәтижесінде құрылған болатын. Содан бері корпорация халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа, қолжетімді әрі тиімді форматын қалыптастырып, азаматтар мен мемлекет арасындағы маңызды байланыстырушы институтқа айналды.

Түркістан облысы – халқы ең көп өңірлердің бірі. Бүгінде облыс аумағында халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында 59 арнайы ғимарат, 26 фронт-офис және 52 бэк-офис жұмыс істейді. Филиалдың жалпы қызметкерлер саны 1195 адамды құрайды, оның ішінде халыққа тікелей қызмет көрсететін 533 маман еңбек етеді.

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди играют в футбол и текст

2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысында жалпы 928 158 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 2 536 қызмет электрондық форматта, 925 622 қызмет дәстүрлі форматта ұсынылды. Сонымен қатар «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы азаматтар 1 037 939 қызметті өз бетінше рәсімдеген.

Атап айтқанда, Түркістан қаласының №1 халыққа қызмет көрсету бөлімінде есепті кезеңде 73 146 қызмет көрсетілсе, №2 бөлімде 56 828 қызмет ұсынылған. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында 59 696 қызмет көрсетіліп, көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру және мемлекеттік нөмірлік белгілерді рәсімдеу бағыттарында айтарлықтай өсім байқалды.

Возможно, это изображение осветительное оборудование и текст "ЦЕНТР"

Мерекелік жиын сала мамандарына деген құрметтің айқын көрінісіне айналып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыруға серпін берді.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*