Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында қаланың денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары және орындаушылық тәртіптің сақталуы жөніндегі жұмыстар талқыланды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение отдел новостей и текст "O"

Бүгінде Түркістан қаласында 18 медициналық ұйым қызмет атқарады.
Қала бойынша 269 285 тұрғын медициналық ұйымдарға тіркелсе, оның 219 135-і сақтандырылған, ал 48 792 тұрғын сақтандырылмағаны анықталды.

Сонымен қатар, қала тұрғындарының 87%-ы мобильдік қосымшаны белсенді қолданып, жыл басынан бері электронды қабылдауға жазылу саны 863 421-ге жеткен. Электрондық медициналық жазбалар көлемі 1,3 миллионнан асып, электрондық денсаулық паспорттарының қамтылуы 98,9%-ды құрайды.

Жиын барысында алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сапасын арттыру, тұрғындар үшін қызметтің қолжетімділігін кеңейту, сондай-ақ медициналық ұйымдардағы материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелері де назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, емханалардағы кезек күту уақытын азайту, цифрлық сервистерді жетілдіру және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі айтылды.

Возможно, это изображение отдел новостей

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мемлекеттің ең басты байлығы – адам өмірі мен денсаулығы екенін, денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуі қала тұрғындарының өмір сапасына тікелей әсер ететінін ерекше атап өтті.

– Қаламыздағы денсаулық сақтау жүйесі кризистік жағдайда болмауы тиіс. Әрбір тапсырма нақты нәтижеге бағытталуы қажет. Бүгін көтерілген мәселелердің әрқайсысы бақылауда болады. Біз тек талқылап қоймай, оларды шешу үшін нақты қадамдар жасауымыз қажет. Қажетті құрал-жабдықтармен толықтыруды тез арада қолға алу керек. Уақыт күттірмеуі керек. Адам өмірінен асқан байлық жоқ. МӘМС жүйесін де кеңінен түсіндіріп, жүйелі дамыту керек. Егер емханаларыңызда мәселе болса, осында айтыңыздар. Бірге шешімін табайық, – деді қала басшысы.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Жиын соңында Әзімбек Пазылбекұлы орындаушылық тәртіптің маңыздылығына тоқталып, хаттамалық тапсырмалардың уақытылы орындалуы мемлекеттік басқару сапасын айқындайтын негізгі көрсеткіш екенін атап өтті. Қала әкімі барлық бөлім басшыларына қызмет көрсету мәдениетін арттыруды, инфрақұрылымды жақсартуды, кадрлық әлеуетті күшейтуді және цифрландыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*