Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚЫСҚЫ ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТЕКСЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚЫСҚЫ ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТЕКСЕРІЛДІ

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қысқы кезеңге даярлық аясында коммуналдық ұйымдардың жұмыс базаларын аралап, техникалардың жарақтандырылуы мен қолжетімділігін тексерді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение ‎снегоочиститель и ‎текст "‎תת TRUCKCINTER TRUCK CENTER T KAMAZ 커크‎"‎‎

Шаһар басшысы қала аумағында қар тазалау, көктайғақтың алдын алу және жедел әрекет ету шараларының нақты жоспарын пысықтап, жауапты мекемелердің дайындығын күшейтуді тапсырды.

Қазіргі таңда қала жолдарының жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайды. Оның ішінде 125,61 шақырымы – бірінші кезекте қардан тазаланатын және инертті материалдар себілетін орталық учаскелер. Биылғы жылы асфальт жолдардың көлемі 66,7 пайызға дейін артқан.

Қысқы маусымға дайындық мақсатында «Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС, «Жасыл ел» ЖШС, «Түркістан Су» МКК және «SK Geokard» ЖШС мекемелері 12 КДМ және 18 тракторды әзірлеген. Бұдан бөлек, инфрақұрылым, құрылыс және жол бөлімдері, «Жасыл Түркістан» КММ және «Жол қызметі» мекемелері тарапынан 10 жүк тиегіш пен 22 КамАЗ техникасы дайын тұр.

Нет описания фото.

Қар тазалау және көктайғақтың алдын алу жұмыстарына жалпы 52 арнайы техника мен 550 жұмысшы жұмылдырылмақ. Қажетті материалдар қоры да жеткілікті, инертті материалдардың 310 тонна құмы және 500 тонна тұзы сақадай сай.

Магистральды көшелерді қардан тазалау үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар 31 қосымша көше, 5 саябақ, Әкімшілік-іскерлік орталық аумағы, Рухани-мәдени орталық және Б.Саттарханов даңғылы бойындағы желілік саябақтар белгіленген кезекпен тазартылады.

Возможно, это изображение автомобиль и текст

Айта кетейік, қысқы кезеңде коммуналдық қызметтердің жедел әрі үйлесімді жұмысы қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етіп, көлік қатынасының үздіксіздігін сақтауға мүмкіндік береді. Осы мақсатта жауапты мекемелердің тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруы және ауа райының қолайсыздығына жедел әрекет етуі қатаң бақылауда болмақ.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*