Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: УАҚЫТША ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: УАҚЫТША ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

Түркістан қаласында орталықтандырылған сарқынды су жүйесіне қосу бағытындағы инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылып келеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Инженерлік желілерді қайта жаңғырту және тұрғындардың өмір сапасын арттыру мақсатында биыл Түркістан қаласында жалпы 13 нысанда құрылыс жұмыстары басталып, оның 8-і абоненттік және магистральдық желілерге қосылса, 5 жобада магистральдық желілерді тарту жұмыстары жүзеге асуда.

Возможно, это изображение текст "5DLG 5D 团"

Сауран, Шауғар, Яссы секторларында, сондай-ақ Отырар және Бекзат тұрғын алаптары мен Баянауыл мөлтек ауданында кәріз жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде. Олардың қатарында Сарыбаев, Ынтымақ, Ы.Дүйсебаев, М.Төлебаев, Н.Оңдасын, Асанов, Мәдениет, Ойсыл Қара, Б.Ахметов, М.Ғабдуллин, Қарағайлы және Қалғансыр көшелері бар.

Сондай-ақ, қазіргі таңда қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес барлық сарқынды су желісі жүргізілген көшелерде ауа райының әсерінен туындауы мүмкін қолайсыздықтардың алдын алу мақсатында уақытша қайта қалпына келтіру үшін тас төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нет описания фото.

Аталмыш жұмыстар алдағы төрт күнде толық аяқталады деп жоспарлануда.

Сарқынды су желісін жүргізу барысында кей көшелерде қазба жұмыстары жүргізіліп, шектеулер орнатылып, уақытша қолайсыздықтар туындауы мүмкін. Осыған байланысты қала тұрғындарынан түсіністікпен қарап, сабырлық танытуды сұраймыз. Құрылыс аяқталғаннан кейін барлық жол инфрақұрылымы толық қалпына келтіріліп, асфальт төселетін болады.

Возможно, это изображение улица и дорога

Айта кетейік, бұл жобалар қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, экологиялық қауіпсіздікті арттыруға және тұрғын үйлерді заманауи инженерлік инфрақұрылыммен қамтуға бағытталған. Алдағы уақытта сарқынды су жүйесімен қамтылған аумақтар кезең-кезеңімен кеңейтіліп, жұмыстар толық аяқталған соң жолдардың сапасы мен қозғалыс қауіпсіздігі айтарлықтай жақсарады деп күтілуде.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*