Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «JAS DRIVE – ЖАСТАР ҚАРҚЫНЫ» СПОРТТЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «JAS DRIVE – ЖАСТАР ҚАРҚЫНЫ» СПОРТТЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Арыс қаласында жастардың белсенділігін арттыру, спорттық мәдениетті дамыту және жас буынның әлеуетін қолдау мақсатында «JAS DRIVE – Жастар қарқыны» атты спорттық жастар фестивалі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Ауқымды шараға қала әкімі Қайсар Маңқараев арнайы қатысып, спорт пен білім, мәдениет пен өнер салаларында жетістікке жеткен жас өрендермен жүздесті.

Возможно, это изображение текст

Фестиваль Қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өтті. Қатысушылар қатарында қаламыздың әр салада өзіндік қолтаңба қалыптастырып үлгерген жас чемпиондар, білім озаттары, шығармашыл жастар және белсенді еріктілер болды. Бұл өз кезегінде жастардың жан-жақты дамуына бағытталған мемлекеттік саясаттың нақты көрінісі ретінде бағаланды.

Шара Қалалық спорт кешенінде өтіп, түрлі бағыттағы локациялар бір мезетте таныстырылды. Шахматтан жүлде иеленген оқушылар партия көрсетсе, қол күресші спортшылар техникаларын түсіндірді, гір көтеру, үстел теннисі мен садақ ату бағытындағы өрендер өз шеберліктерін таныстырды. «Жас сарбаз» мүшелері әскери дайындық элементтерін көрсетті, ал пәндік олимпиада жүлдегерлері ғылыми жобалары мен жеңістерін ұсынды. Қала әкімі Қайсар Зәкірұлы барлық бұрыштарды аралап, спортшылар мен жас өнерпаздардың жетістіктеріне жоғары баға берді.

Нет описания фото.

Фестивальдің маңызды бөлігі — «Әкім + Жастар» атты ашық форматтағы еркін диалог алаңы болды. Жастар қала өміріне қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жаңа жобалары мен идеяларын ортаға салды. Қала басшысы әрбір ұсынысқа жеке тоқталып, жастар бастамаларын қолдауға дайын екенін, мұндай ашық кездесулер алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Іс-шара бейресми форматтағы фуршетпен жалғасын тапты. Қатысушылар әкіммен еркін әңгімелесіп, ортақ мәселелерді талқылап, болашақ жоспарларымен бөлісіп, естелік суретке түсті. Бұл формат жастар мен билік арасындағы ашық әрі сенімді байланысты нығайтуға ықпал етті.

Возможно, это изображение скейтборд и текст

Фестиваль соңында шараға белсене қатысқан жастарға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды. Өз сөзінде қала әкімі жастардың қоғам өміріндегі орны ерекше екенін атап өтіп, олардың спортта, білімде және қоғамдық қызметте жаңа белестерді бағындыратынына сенім білдірді.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*