Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ӨНІМ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ӨНІМ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында бір рет қолданатын биоыдырайтын ыдыстар мен қаптама өндіретін заманауи зауыттың іргетасы қаланды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Жобаны «PULPSTYLE» ЖШС іске асырмақ. Бұл бастама өңірде экологиялық таза өндірісті дамытуға және жасыл экономика қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда.

Возможно, это изображение текст

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жаңа кәсіпорынның капсуласын салу рәсіміне қатысып, жобаның сәтті жүзеге асуына тілектестігін білдірді. Аймақ басшысы бұл жоба облыстың өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, экологиялық жауапкершілікті күшейтуге де ықпал ететінін атап өтті.
– Облысымыз үшін әрбір инвестициялық жобаның стратегиялық маңызы зор. Өйткені жаңа зауыт дегеніміз – жаңа жұмыс орындары. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық бағытын айқындап, нақты міндеттер жүктеді. Осы ретте біз экономиканы әртараптандыру жұмысын қарқынды түрде бастап кеттік. Инвесторлармен келісіп, импорт алмастыратын тауарларды шығаруға басымдық берудеміз. Сол жобалардың бірі – бүгін іргетасы қаланған «PULPSTYLE» компаниясының бір рет қолданылатын ыдыстар мен қаптама жасау кәсіпорны. Біріншіден, жобаға 1,5 млрд теңге инвестиция тартылып, 50 жаңа жұмыс орны құрылады. Екіншіден, экологияға пайдалы биоыдырайтын өнімдер шығарылады. Бұл – облысымыздың жаңа өндірістік әлеуетін көрсететін нақты қадам. Инвесторларға алғысымды білдіремін. Түркістан облысын дотациялық аймақтан шығарып, өзін-өзі толық қамтамасыз ететін өңірге айналдыру – басты мақсатымыз. Бұл міндетті ел бірлігі мен ортақ еңбектің арқасында жүзеге асырамыз, – деді Нұралхан Оралбайұлы.

Возможно, это изображение текст

Аталған кәсіпорынды ашу бойынша инвестормен келіссөздер 2025 жылдың қыркүйек айында жүргізілген. Бір рет қолданылатын биоыдырайтын ыдыстар мен қаптама жасау жобасының жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Жоба аясында 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Қазіргі таңда өндірістік құрал-жабдықтар толық жеткізіліп, кедендік рәсімдеуден өткізілген. Нысан қажетті инженерлік инфрақұрылым желілерімен толық қамтылған. Өндіріс орнын 2026 жылдың наурыз айында іске қосу жоспарланып отыр.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Жалпы Түркістан облысында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру мақсатында 20 индустриалды аймақ және «Turan» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Индустриалды аймақтарда құны 152 млрд теңгені құрайтын 99 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 6 361 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бүгінгі таңда 39 млрд теңге инвестиция тартылып, 50 жоба іске қосылған, 2 609 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал «Turan» арнайы экономикалық аймағында 211,8 млрд теңгеге бағаланған 28 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар үшін шағын өндірістік парктер іске қосылып, бизнес ашуға барлық қолайлы жағдайлар мен мемлекеттік қолдау қарастырылған.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*