Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

▪️ Түркістан облысында медицина саласын дамыту, ғылым мен технологияның заманауи жетістіктерін тиімді қолдану арқылы халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Осы игі бастамалардың аясында бүгін Ордабасы ауданына қарасты Қараспан ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұл нысан ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтуға және медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Возможно, это изображение текст

▪️ Жаңа медициналық нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын айтулы қуанышпен құттықтады. Өңір басшысы елімізде әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға ерекше көңіл бөлініп жатқанын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.

– Алдымен баршаңызды кеше өткен Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Бірінші кезекте билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек» деп, нақты тапсырма жүктеген болатын. Біздің ең басты мақсатымыз – облыстағы әрбір тұрғынның бақытты өмір сүріп, сапалы медициналық қызметтерге қол жеткізуіне мүмкіндік жасау. Сондықтан тұрғындардың денсаулығын қорғау – өңір дамуының стратегиялық бағыты. Түркістан облысы еліміздің ең серпінді дамып келе жатқан өңірлерінің біріне айналуда. Облыста 2025 жылы жергілікті бюджет есебінен 34 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жүргізілді. Бүгін солардың бірі – Қараспан дәрігерлік амбулаториясының ашылу салтанатына қатысып отырмыз. Жаңа дәрігерлік амбулатория ел игілігіне қызмет етіп, ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетеді. Дәрігерлеріміз өз істеріне адал болып, еліміздің бұдан әрі дамуына өз үлестерін қоса береді деп сенемін, – деді Нұралхан Оралбайұлы.

Возможно, это изображение текст "<<КАРАСПАН» ДЭΡΙГЕРЛΙΚ AN АШЬ CAA АСЫ"

▪️ Нысанның құрылысы 2024 жылдың қараша айында басталған. Құрылыс жұмыстарын «Лидер Строй» ЖШС атқарды. Жаңа медициналық нысан Түркістан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Ордабасы орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК теңгеріміне берілді. Жобаның құны – 201 млн теңге. 0,25 гектар аумақта орналасқан ғимараттың жалпы алаңы 376,9 шаршы метрді құрайды. Мұнда 52 медицина қызметкері еңбек етеді.

Жаңа дәрігерлік амбулатория заманауи талаптарға сай салынып, қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Мұнда тіс дәрігері, физиотерапия, акушер-гинекология, кеңейтілген мейіргер бөлмесі, тегін дәрі-дәрмек босату орны, дені сау бала бөлмесі, күндізгі ем алу бөлмесі, сүзгі бөлмесі, ине және екпе егу бөлмесі, дезинфекциялық ерітінді дайындау бөлмесі, дәрі-дәрмек қоймасы, сондай-ақ педиатр, психолог және әлеуметтік қызметкерлерге арналған арнайы кабинеттер қарастырылған. Дәрігерлік амбулатория бір мезетте 100 адамды қабылдай алады.

Бұл медициналық мекеме Қараспан ауылдық округіндегі ауылдар мен елді мекендерде тұратын 14 мыңнан астам тұрғынға сапалы медициналық көмек көрсететін болады. Алдағы уақытта да облыста денсаулық сақтау саласын жақсартуға бағытталған жаңа жобалар жүзеге асырылады.

Возможно, это изображение больница и текст

▪️ Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша 219 медициналық мекеме халыққа қызмет көрсетуде. Ауылдық жерлердегі нысандарды жаңғыртуға ерекше назар аударылуда. Қазіргі таңда 73 нысанға қажеттілік бар. Осы мәселені нақты жоспар негізінде 3 жылда кезең-кезеңімен шешу көзделген. Биылдың өзінде жергілікті бюджет есебінен 34 жаңа ғимараттың мәселесі шешіледі. Сонымен қатар, 3 аудандық орталық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алғашқы медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында 60 жедел жәрдем көлігі сатып алынып, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейі 84,7 пайызға жетті.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*