Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ КӨРСЕТКІШІ ҰЛҒАЮДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ КӨРСЕТКІШІ ҰЛҒАЮДА

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров баяндады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Өңір басшысы облыстың агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыру бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар мен ірі жобаларға кеңінен тоқталды.

– Өңірдің географиялық-климаттық ерекшелігін ескере отырып, 3 кластерлік бағытты дамытуды қолға алдық. Олар: мақта, ет және жүгері кластері. Су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, мақтаның элиталық сорттарын өсіруді және шикізатты терең өңдеуді қамтитын мақта-тоқыма кластері құрылды. Кластер – өндірістік процестің барлық кезеңдерін қамтамасыз етеді, мақта өсіруден бастап, жіп, мата сияқты дайын тоқыма өнімдерін өндіруге дейінгі толық цикл іске асырылуда.

Нет описания фото.

Мақта кластерінде 5 жобаны іске асыру нәтижесінде 7 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылып, 201 млрд теңге инвестиция тартылады деп күтілуде. Мақта өнімділігі 2-3 есеге артады. Жылына 229 мың тонна мақта өндіру жоспарланған. Биыл пилоттық жоба ретінде Отырар ауданында 32 мың гектар алқапқа жаңа әдіспен мақта егілді. Нәтижесінде өнім түсімі өте жоғары болды. Қазіргі таңда 2 мақта өңдеу зауыты іске қосылып, жіп иіру фабрикасының құрылысы аяқталу сатысында, – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.

Облыс әкімінің айтуынша, өңірде жүгері кластері бағыты да қарқынды дамып келеді. Атап айтқанда, Шардара ауданында «Казкрахмал» зауытының құрылысы жүргізілуде. Жоба жуырда іске қосылады. Зауыттың құны – 35 млрд теңге, нәтижесінде 251 жаңа жұмыс орны ашылады. Кәсіпорын жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдеп, 26 түрлі дайын өнім өндіретін болады. Осы жобаны іске асыру арқылы жүгері егіс алқаптарын 2030 жылға қарай 40 мың гектардан 70 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Ет кластері бағыты бойынша облыста 7 жоба жүзеге асырылуда. Жобалардың жалпы құны – 50 млрд теңге, өндірістік қуаттылығы – 35 мың тонна, ал ашылатын жұмыс орындарының саны – 802. Бұл бағытта Орталық Азияда теңдесі жоқ 50 мың бас ірі қара мал бордақылайтын және ет өнімдерін терең қайта өңдейтін ірі кешендер мен заманауи мал биржасы салынуда. Қазіргі таңда «Kaz Eco Meat», «Turkestan Agro.kz» және «Бес қара» ет өңдеу кешендері іске қосылды. Бұл өз кезегінде қосымша 35 мың тонна ет өңдеуге мүмкіндік беріп отыр.

Жалпы, кластерлік даму бағыты отандық терең қайта өңдеуді өрістетіп, шаруалардың өз өнімін кепілді түрде нарыққа шығаруға және табысын арттыруға жол ашады.

Возможно, это изображение силосная яма и комбайн

Сонымен қатар, Түлкібас ауданында «Қарқын Трейд» компаниясы ет бағытында ірі құс фабрикасының құрылысын бастады. Жобаның құны – 53 млрд теңге. Аталған кәсіпорында жылына 48 мың тонна құс еті өндірілетін болады.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*