Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АРЫСТА 5 ГЕКТАР АЛҚАПҚА АЛМА БАУЫ БОЙ КӨТЕРДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АРЫСТА 5 ГЕКТАР АЛҚАПҚА АЛМА БАУЫ БОЙ КӨТЕРДІ

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Арыс қаласында арнайы жеміс бағын құру жөнінде қала әкімі Қайсар Маңқараев тарапынан нақты тапсырма берілген болатын. Осы бастаманы жүзеге асыру мақсатында «Жасыл Арыс» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 5 гектар жер аумағына 2 000 түп алма көшетін отырғызды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Көшеттер өңірде кеңінен сұранысқа ие «Салтанат», «Бес жұлдыз» және «Золотой превосход» сорттарынан таңдалып, олардың мол өнімділігімен, ерекше дәмімен әрі 5–6 метрге дейін жететін биіктігімен ерекшеленетіні ескерілді.

Возможно, это изображение туман и трава

Жоба аясындағы жұмыстар алдын ала тыңғылықты дайындықпен басталды. Атап айтқанда, жер толық жыртылып, тегістеліп, арнайы техника көмегімен стандартқа сай ұялар қазылды. Әр көшеттің түбіне қажетті тыңайтқыштардың толық құрамы енгізіліп, суару жүйесін қамтамасыз ету үшін екі ірі су қоймасы мен су ұңғымасы дайындалды. Бұл жұмыстар көшеттердің жақсы бейімделіп, өнімділігін арттыруға бағытталған.

– Қала басшысы жеміс бағын ұлғайту жөнінде нақты тапсырма берген еді. Осыған орай топырақ құрамын жан-жақты зерттеп, климатқа барынша қолайлы үш сортты таңдадық. Алдағы уақытта алма бағына тамшылатып суару жүйесін орнату жоспарымызда бар. Сәтін салса, арыстықтардың өз алма бағы қалыптасып, қала тұрғындарын экологиялық таза өніммен қамтамасыз етеді, – дейді «Жасыл Арыс» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Бақтияр Асилов.

Возможно, это изображение яблоко и текст

Айта кетейік, жаңа алма бағы Теміржолшы елді мекеніне баратын жол бойындағы 50 гектарға арналған арнайы аймақта орналасқан. Аумағы толық қоршалып, барлық инженерлік дайындық жұмыстары толықтай аяқталған. Мамандардың болжамынша, 2027–2028 жылдары алма ағаштары алғашқы өнімнің нышанын бере бастайды.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*