Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «АЛТЫН КҮЗ – 2025» МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «АЛТЫН КҮЗ – 2025» МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

Төлеби ауданында ҚР «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні» мерекесіне орай дәстүрлі «Алтын күз – 2025» мерекелік іс-шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Ауыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегін ұлықтауға арналған салтанатты жиынға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Қайратұлы арнайы қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады.

Возможно, это изображение текст "ОЗАТ АУЫЛДЫК ОКрУ ЭКТт АППАРАТЫ Typsicta уристанюблькеро ауданы ОБА ОВ БА ДиплоМ СЕРТИФИКАТ ТЕЛЕДИДАР"

Шара барысында ауыл шаруашылығы саласының дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтарға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Құрмет грамотасы», Түркістан облысы әкімінің және аудан әкімінің Алғыс хаттары, сондай-ақ арнайы дипломдар табысталды. Бұл марапаттар – адал еңбек пен маңдай тердің айқын бағасы болды.

Мерекелік шара аясында аудан өнерпаздары шаруалар құрметіне арнап мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұлттық ән-күй мен би, сахналық көріністер арқылы ауыл өмірінің көркі мен берекесі кеңінен насихатталды.

Айта кетейік, биыл ауданда ауыл шаруашылығы саласында оң нәтижелерге қол жеткізілді. 10 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 45,4 млрд теңгені құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 21,8 млрд теңге, мал шаруашылығы – 23,5 млрд теңге.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 4,1 млрд теңгеге жетсе, тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестиция 1,1 млрд теңгені құрады. 2025 жылы егілген егіс көлемі 62,2 мың гектарды қамтып, астық өнімі 33,4 мың тоннаға жетті.

Возможно, это изображение комбайн

Бұдан бөлек, ауданда 55 мал бордақылау алаңы, 16 жанұялық сүт фермасы, 7 шағын құс фермасы ашылып, «Fish House» ЖШС 500 млн теңге инвестициямен балық өсіру жобасын іске қосты. Су шаруашылығы саласында каналдарды тазалау және күрделі жөндеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл бастамалар ауданның агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырып, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*