Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ИНКЛЮЗИВТІ АССАМБЛЕЯ» ЖОБАСЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ИНКЛЮЗИВТІ АССАМБЛЕЯ» ЖОБАСЫ

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Инклюзивті Ассамблея» жобасын іске асыру тетіктері жөніндегі маңызды отырыс өтті,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение текст

 Жиын қоғамдағы инклюзивті мәдениетті қалыптастыру, түрлі әлеуметтік топтардың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету және қоғамдық келісімді нығайтуға арналды.

Отырыста арнайы қонақтар мен сала өкілдері бас қосты. Атап айтқанда, Қазақстан қырғыздары қауымдастығының төрағасы Исмаилов Шавкат Абдоллаұлы, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Нұрсұлтан Сейтжанов, Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, сондай-ақ Түркістан облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова жиынға қатысты.

Отырыстың негізгі тақырыбы – инклюзия және жаңа мәдениетті қалыптастыру мәселелері болды. Жиында Шавкат Абдоллаұлы слайдтық баяндама жасап, «Инклюзивті Ассамблея» жобасының бағыттары мен маңызын кеңінен түсіндіріп, қатысушылармен ой бөлісті.

Возможно, это изображение один или несколько человек, отдел новостей и текст

Сондай-ақ сөз алған Гүлсара Тоққұлова инклюзивті Ассамблеяның қоғам үшін мән-маңызына тоқталып, Түркістан облысында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Ал Эльмира Жанғазиева ҚХА-ның «Инклюзивті Ассамблея» бағыты аясындағы жұмысты жандандыру жөніндегі өз ұсыныстарын білдіріп, жоба шеңберінде бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Жиын барысында ерекше балаларға арналған «Армандар орындалады» жобасының авторы Әсел Бимырзаева да өз бастамалары мен ұсыныстарын ортаға салып, инклюзивті қоғам құру жолындағы тәжірибесімен бөлісті.

Кездесуге облыстық Ақсақалдар мен Аналар кеңесінің мүшелері, Медиация кеңесінің өкілдері, этномәдени бірлестіктер, «Ассамблея жастары» және студенттік Ассамблея мүшелері қатысып, өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Возможно, это изображение текст

Айта кетейік, «Инклюзивті Ассамблея» жобасы – Қазақстан халқының бірлігін нығайтып, түрлі этностар мен әлеуметтік топтардың теңқұқылығын насихаттайтын, сондай-ақ қоғамдағы әрбір азаматтың өз ойын еркін білдіруіне мүмкіндік беретін маңызды бастама. Бірлескен жұмыс нәтижесінде ұрпақ тәрбиесі мен ел болашағына бағытталған игі істер алға басады деген сенім мол.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*