Түркістан қаласының №34 жалпы білім беретін мектебінде Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» КММ және USTEM Foundation қорының ұйымдастыруымен Turkistan FIRST Regional 2025 турнирі өтті,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.
Аталған турнир жасөспірімдердің инженерлік, зерттеушілік және бағдарламалау дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды білім алаңы болды. Бұл кезеңде FIRST LEGO League Discover, Explore және Challenge санаттары бойынша өңіріміздің жас инженерлері, бағдарламалаушылары мен зерттеуші оқушылар өз жобаларын ұсынып, білімдері мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салды.
FIRST чемпионаты – мектеп оқушылары арасында STEM дағдыларын, инженерлік ойлауды және ғылыми-техникалық шығармашылықты дамытуға бағытталған халықаралық бағдарлама. Биылғы маусымның тақырыбы «Археология дәуірі» болып, қатысушылар өткеннің құпияларын заманауи технологиялар арқылы зерттеу бағытында жобалар әзірледі.
Жарысқа өңірдің түрлі білім беру ұйымдарынан 30-ға жуық команда және 160-тан астам оқушы қатысты. Турнир барысында командалар робототехника, бағдарламалау, командалық жұмыс және инновациялық ойлау бағыттары бойынша өзара бақ сынасты.

Central Asia FIRST Championship кезеңіне жолдама алған командалар:
FLL Discover:
- Incredible Innovators – SparkKids
Түркістан қаласы, «№32 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Ментор: Еркебұлан Нұрланұлы
FLL Explore:
- Champion’s Award Winner – Bolashaq
Қазығұрт ауданы, Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицей,
Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясы - Champion’s Award Finalist – CORE FINDS
Шардара ауданы, «Шардара» мектеп-лицейі - Champion’s Award Winner (Keleshek League) – 33TurRobotics
Түркістан қаласы, «№33 жалпы білім беретін мектеп» КММ
FLL Challenge:
- Champion’s Award Winner – Tolebi Daryn
Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты - Champion’s Award Finalist – KazMax
Шардара ауданы, М.Қалмырза атындағы «№3 мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ - Champion’s Award Winner (Keleshek League) – BARNI
Төлеби ауданы, «№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ - Champion’s Award Finalist (Keleshek League) – Болашақ инженерлері
Сауран ауданы, «№4 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Turkistan FIRST Regional 2025 турнирі жас буынның шығармашылық әлеуетін дамытуға, инженерлік ойлау қабілетін арттыруға және STEM саласындағы білімін кеңейтуге зор мүмкіндік берді. Мұндай жобалар жастарды инновацияға, ізденіске және ғылыми-техникалық бағытта кәсіби қалыптасуға ынталандырады.
Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтай отырып, Central Asia FIRST Championship кезеңінде жоғары нәтиже көрсетуіне тілектестік білдіреміз.
© Jetpisbai.kz
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары