Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ 28 ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ 28 ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров баяндады,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение отдел новостей и текст "CB SERVICE CENTRAL gnder President fthe Republic COMMUNICATIONS COMMUNICATIONSSERVICE of Kazakhstan 75물 PA3BИTИИ TyPKECTAHCKOЙ O6ЛACTИB 2 ocCcoHи 1· 目 ETCOM お品"

– Мемлекет басшысы білім мен адами капиталды дамыту – экономикалық өсудің негізгі тірегі екенін атап өтті. Осы бағытта облыста нақты әрі жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Білім беру жүйесінде мектеп тапшылығын шешу мақсатында Президентіміздің бастамасымен «Келешек мектептері» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 23 мың орындық 29 мектептің құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 28 мектеп пайдалануға берілді. Қалған 1 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады, – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.

Сонымен қатар облыста жергілікті бюджет есебінен 17 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде биыл 4 мектеп пайдалануға берілсе, қалған нысандар келесі жылға өтпелі. Бұдан бөлек, өңірдегі 41 мектепте реновация жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда 25 мектептің жөндеу жұмыстары толық аяқталған.

Мемлекет басшысы білім беру саласында жасанды интеллектіні кеңінен қолдану және IT технологияларды дамыту қажеттігін ерекше атап өткен болатын. Осыған байланысты Оңтүстік Кореямен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде Түркістан қаласында IT мамандарын даярлайтын «Woosong University Kazakhstan» университеті ашылды. Аталған жоғары оқу орны бір мезетте 2 мың студент қабылдауға қауқарлы. Облыс әкімдігі тарапынан 100 грант бөлініп, бүгінде оқу процесі басталып, 108 студент білім алуда. Сонымен қатар университетте Оңтүстік Кореядан келген 70 студент оқып, халықаралық тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ Президенттің 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына сәйкес, облыста техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртуға басымдық беріліп отыр. Қазіргі таңда өңірдегі 50 колледжде 46 мыңнан астам студент 84 мамандық бойынша білім алуда. Биыл колледж бітірген 14 806 түлектің 79 пайызы жұмыспен қамтылған, оның ішінде 5 мыңға жуығы – жұмысшы мамандық иелері. Алдағы жаңа оқу жылына жұмысшы мамандықтарға 9 мыңға жуық грант бөлінді.

Возможно, это изображение литейный завод

Денсаулық сақтау саласында да бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылуда. Облыс бойынша 219 медициналық мекеме халыққа қызмет көрсетуде. Ауылдық елді мекендердегі денсаулық сақтау нысандарын жаңғыртуға ерекше көңіл бөлініп, биыл жергілікті бюджет есебінен 34 жаңа ғимараттың мәселесі шешіледі. Сонымен қатар 3 аудандық орталық ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алғашқы медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында 60 жедел жәрдем көлігі сатып алынды. Медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейі 84,7 пайызға жетті.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*