Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 760 МЫҢНАН АСТАМ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖӘНЕ ЖӘРДЕМАҚЫ АЛУШЫ БАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 760 МЫҢНАН АСТАМ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖӘНЕ ЖӘРДЕМАҚЫ АЛУШЫ БАР

Түркістан облысында қазіргі таңда 760 286 зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы алушы тіркелген. Оның ішінде 205 610 азамат жасына байланысты зейнетақы алса, 188 746 тұрғын базалық зейнетақымен қамтылған, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Ал 365 930 адам әртүрлі әлеуметтік жәрдемақы түрлерін алады. Бұл туралы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Марат Архаров брифинг барысында мәлімдеді.

– Департамент тарапынан 2025 жылдың 11 айында әлеуметтік қорғау саласы бойынша барлығы 168 018 мемлекеттік қызмет көрсетілді. «Е-maket» ақпараттық жүйесі арқылы тағайындалған әлеуметтік төлемдердің жалпы саны 305 566-ны құрады. Оның ішінде 136 879 төлем алғаш рет тағайындалса, 168 687 төлем қайта қаралып бекітілді. Сонымен қатар, Түркістан облысы бойынша 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мен жәрдемақыларды арттыру жұмыстары толық жүргізіліп, тиісті төлемдерге жолданды. Атап айтқанда, жасына байланысты зейнетақы мөлшері 10 пайызға артты, ал базалық зейнетақы төлемі күнкөріс деңгейінің жаңа мөлшеріне сәйкес ұлғайтылды, – деді спикер.

Сонымен бірге, Марат Аманғалиұлы 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша облыста мүгедектігі бар адамдардың саны 102 526-ға жеткенін атап өтті. Бұл көрсеткіш республика бойынша тіркелген мүгедектігі бар азаматтардың жалпы санының 13,7 пайызын құрайды.

Мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 15 524-і немесе 15,1 пайызы – балалар болса, 87 002 адам немесе 84,8 пайызы – 18 жастан асқан ересектер. Ал есепті кезеңде 6 398 азамат алғаш рет мүгедек болып танылған.

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и отдел новостей

Брифинг барысында департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу жұмыстары да жалғасып жатқандығы айтылды. Аталған бағытта бүгінгі күнге дейін 104 тексеру жүргізілген. Тексеру нәтижесінде 55 нысанға жалпы сомасы 10 млн 223,2 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, оның 9 млн 751,4 мың теңгесі өндірілген.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*