Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: 150-ГЕ ЖУЫҚ СПЕКТАКЛЬ САХНАЛАҒАН

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: 150-ГЕ ЖУЫҚ СПЕКТАКЛЬ САХНАЛАҒАН

Р.Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры 2025 жылы көрерменге 150-ге жуық қойылым ұсынып, шығармашылық тұрғыдан жемісті жылды қорытындылады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Сондай-ақ, театр репертуары биыл 6 жаңа қойылыммен толықты. Оның үшеуі ересек көрерменге арналса, қалған қойылымдар балалар аудиториясына бағытталған. Бұл туралы брифинг барысында театр директоры Арман Алиев мәлімдеді.

Нет описания фото.

– Биыл барлығы 141 қойылым көрермен назарына ұсынылды. Қазіргі таңда «Мульти стори» атты жаңа жылдық қойылымның дайындығы жүріп жатыр. Театр ұжымы 2025 жылы 2 халықаралық және 3 республикалық фестивальге қатысып, гастрольдік іс-сапарлармен де өнер көрсетті. Театр жанынан құрылған «Тарлан» музыкалық-аспапты ансамблі мен «Би-Сұлтан» би ансамблі Қазақстанның мәдениеті мен өнерін кеңінен насихаттау мақсатында Үндістанның Дели, Пенджап, Амритсар, Агра, Чандигарх қалаларында өнер көрсетті. Сонымен қатар, өнерпаздар Ресей Федерациясының Кинешма қаласында өткен «Островский fest» театр фестиваліне қатысып, лауреат атанды, – деді Арман Алиев.

Брифингке қатысқан театр актері Нұржан Ізтаев өнер ұжымының ел ішіндегі жетістіктеріне де тоқталып өтті. Оның айтуынша, театр Қазақстанның Халық әртісі, көрнекті театр және кино актері Құрманбек Жандарбековтің 120 жылдығына арналған республикалық театр фестиваліне қатысып, Дулат Исабековтың «Өйтпесе, Мағжан бола ма?» драмасын сахналаған. Аталған қойылымдағы Зылиха рөлі үшін театр әртісі Кәмшат Аштекова «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясымен марапатталған.

Сонымен қатар, А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында өткен Қазақстанның халық әртісі, көрнекті режиссер Асқар Тоқпановтың 110 жылдығына арналған республикалық театр фестиваліне қатысып, Ә.Қалдыбаевтың «Жалғыз желкен» драмасын көрерменге ұсынды. Қазылар алқасының шешімімен театр әртісі М.Құрманбеков «Үздік екінші пландағы ер адам бейнесі» номинациясымен марапатқа ие болды.

Айта кетейік, 2025 жыл театр үшін табысты әрі шығармашылық ізденістерге толы жыл болды. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында театр әртісі Нұржан Ізтаев «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, ал Аяз Ілясов «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Возможно, это изображение один или несколько человек, отдел новостей и текст

Сондай-ақ, театрдың құрылғанына 25 жыл толуына орай Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өнер ұжымына жаңа 50 орындық заманауи автобустың кілтін табыстап, мәдениет саласына көрсетілген қолдаудың айқын үлгісін көрсетті.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*