Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

▪️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылындағы түсті металл комбинаты руднигінің металлургиялық цехына тиесілі қалдықтар қоймасы мен ауыл шетіндегі өндірістік шахта қалдықтарын тиімді пайдалану және қайта өңдеу бағытындағы жұмыстар жүргізілуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Аталған қалдықтарды шаруашылық айналымға тарту арқылы экологиялық жүктемені төмендету, өндірістік әлеуетті арттыру және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беру көзделіп отыр. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғау мен өнеркәсіпті жаңғыртуды ұштастырған маңызды жоба ретінде бағаланып отыр.

Возможно, это изображение учеба и текст

▪️Осыған орай облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді. Аталған жобаға қызығушылық танытқан Hubei Nonmetallic Geological Company компаниясы нысанның инвестициялық тартымдылығын жан-жақты зерделеу, шлак жинақтарының ресурстық және технологиялық әлеуетін бағалау, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен әлеуетті инвесторлар арасындағы өзара іс-қимылдың ықтимал форматтарын айқындау мақсатында арнайы кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

▪️Кездесу барысында өнеркәсіптік қалдықтарды тиімді игеру жолдары, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ жобаны іске асырудың кезеңдері мен негізгі шарттары жан-жақты талқыланды. Тараптар жобаны кезең-кезеңімен іске асыру арқылы экологиялық тәуекелдерді азайтып, экономикалық тиімділікті арттыру мүмкіндіктерін қарастырды.

▪️Hubei Nonmetallic Geological Company тексеру және зерттеу жұмыстарын жүргізу, оның ішінде геологиялық барлау және зертханалық зерттеулер саласында мол тәжірибеге ие. Компания бұған дейін Қазақстан Республикасының бірқатар өңірлерінде, атап айтқанда Ақтөбе, Алматы және Шиелі аймақтарында осындай жобаларды табысты жүзеге асырған. Бұл тәжірибе Ащысайдағы жобаның да нәтижелі болуына негіз болмақ.

▪️Аталған бастама өңірдегі өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу арқылы экологиялық жүктемені азайтуға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және өңір экономикасының тұрақты дамуына серпін беруге бағытталған. Сонымен қатар жоба жаңа жұмыс орындарын құруға және жергілікті инфрақұрылымды дамытуға ықпал етуі мүмкін.

▪️Бүгінде Ащысай ауылында 1 мектепке дейінгі білім беру ұйымы, 2 жалпы білім беретін мектеп, 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана, 2 спорт алаңшасы және 1 пошта байланыс бөлімшесі жұмыс істейді. Кезінде өндірісімен танылған елді мекенде қазіргі таңда шамамен 2 мың тұрғын бар. Ауылдағы жолдардың жалпы ұзындығы 15,12 шақырымды құрайды, оның ішінде 11,7 шақырымына асфальт жамылғысы төселген.

Возможно, это изображение дорога и гора

▪️Ащысай ауылында 336 тұрғын үй, 13 мемлекеттік мекеме ғимараты және 5 жеке кәсіпкерлік нысан бар. Елді мекен электр энергиясымен және ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар Ащысай аумағындағы тау-кен өндірісінің мүмкіндіктерін зерделеу және пайдалы қазбаларды тиімді игеру мәселелері бойынша жауапты министрлікке тиісті ұсыныс хаттар жолданған. Бұл жұмыстар ауылдың болашақ экономикалық дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуы ықтимал.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*