Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

▪️Түркістан облысында мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz. Осы мәселе Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте жан-жақты талқыланды. Жиында мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, көрсетілетін қолдау шаралары және саладағы өзекті мәселелер қаралды.

Нет описания фото.

▪️Мәжілісте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мекенхан Қозыханұлы баяндама жасап, қазіргі таңда басқармаға қарасты 12 коммуналдық мемлекеттік мекеме мүгедектігі бар азаматтарға түрлі әлеуметтік қызметтер көрсетіп отырғанын атап өтті.

▪️Бүгінде республика бойынша 737,4 мың мүгедектігі бар адам тіркелсе, соның 102 401-і Түркістан облысында есепте тұр. Бұл облыс халқының 4,6%-ын, ал республикадағы мүгедектігі бар азаматтардың шамамен 14%-ын құрайды.

▪️Мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында облыста биыл 19,6 млрд теңге қаржы бөлінген. Сонымен қатар, ерекше қажеттілігі бар адамдарды оңалту бағдарламасы аясында көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру үшін 2026–2028 жылдарға 44,3 млрд теңге қарастырылып отыр. Аталған қаражат келесі жылдан бастап аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің балансына беріледі. Осыған байланысты бөлінген қаржының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін жүйелі мониторинг жүргізу жоспарланған.

Возможно, это изображение один или несколько человек

▪️Облыс әкімі Нұралхан Көшеров бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі ширатып, көмекке мұқтаж азаматтарды қолдауда жанашырлық пен жауапкершілікті күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ жауапты басқармалар мен мекеме басшыларына мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдауды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*