Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: 2 ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: 2 ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысында медициналық нысандар салу, дәрігерлік көмекке қолжетімділікті арттыру мәселесі облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тұрақты бақылауында, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Осы ретте Шардара ауданындағы Сүткент және Ұзын-ата ауылдарында заман талабына сай салынған жаңа дәрігерлік амбулатория ғимараттары салтанатты түрде ашылып, ел игілігіне берілді. Бұл маңызды әлеуметтік нысандар ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Жаңа дәрігерлік амбулаториялар заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда тұрғындарға профилактикалық тексерулер жүргізу, алғашқы медициналық көмек көрсету, созылмалы ауруларды бақылау және уақтылы ем алу мүмкіндігі бар. Нысандардың іске қосылуы ауыл халқының денсаулығын нығайтып, ауданның медициналық инфрақұрылымын дамытуға оң серпін береді.

Салтанатты ашылу рәсіміне Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев қатысып, ауыл тұрғындары мен медицина саласының қызметкерлерін жаңа амбулаториялардың пайдалануға берілуімен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде ауылдық елді мекендерде денсаулық сақтау саласын дамытуға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Іс-шара барысында бірқатар медицина қызметкерлері «Шардара ауданына – 60 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан бөлінген жедел жәрдем автокөліктерінің кілттері салтанатты түрде табысталып, алғашқы медициналық көмектің жеделдігі мен тиімділігін арттыруға қосымша мүмкіндік жасалды.

Возможно, это изображение один или несколько человек и помост

Аталған жобалар өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытуға, ауыл халқының денсаулық сақтау қызметіне тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесі болып табылады.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*