Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Сламжанович Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Кентау қаласында болды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Сапардың негізгі мақсаты – өңірдегі денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысымен танысып, медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған атқарылып жатқан шараларды бағалау.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Жұмыс сапары барысында вице-министр алдымен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Кентау орталық қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның қызметімен танысты. Қазіргі таңда аурухана заманауи медициналық құрылғылармен кезең-кезеңімен жабдықталуда. Атап айтқанда, науқастарды емдеу үдерісін жеделдету және медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында жаңа лапароскопиялық жүйелер, видеоэндоскоптар, сондай-ақ ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппараттары сатып алынған.

Сонымен қатар аурухананың А1 корпусында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Негізгі мақсат – ота жасау бөлмелерін халықаралық стандарттарға сай «таза аймаққа» (clean room) айналдыру. Бұл хирургиялық араласулардың қауіпсіздігін арттырып, инфекциялық қауіптің алдын алуға және тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Одан кейін бірінші вице-министр Кентау қалалық емханасының жұмысымен танысты. Қабылдау бөлімінен бастап барлық құрылымдық бөлімшелердің қызметін қарап шығып, пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің ұйымдастырылу деңгейіне оң бағасын берді.

Сапар аясында Кентау қаласы әкімдігінде денсаулық сақтау мәселелері бойынша тұрғындармен кездесу өтті. Кездесуден кейін вице-министрдің жеке қабылдауы ұйымдастырылып, қабылдауға шамамен 20 азамат қатысты. Жеке қабылдау барысында тұрғындар жұмысқа орналасу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС), денсаулық жағдайы, сондай-ақ медициналық ұйымдардың жұмысына қатысты бірқатар мәселелерді көтерді. Барлық өтініштер мен ұсыныстар мұқият тыңдалып, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст "Elenberg"

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Тимур Сұлтанғазиев Кентау қаласындағы денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, алдағы уақытта медициналық қызмет сапасын одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстарын айтты.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*