Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЕҢБЕК АДАМЫ ӘРДАЙЫМ ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЕҢБЕК АДАМЫ ӘРДАЙЫМ ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

Елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланып, мемлекет еңбек адамының мәртебесін көтеруге айрықша басымдық беріп келеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Ел экономикасының негізін құрайтын – қолымен іс тындыратын, күнделікті өмірді қамтамасыз етіп жүрген қарапайым жұмысшылар. Еңбек адамы әрдайым құрметке лайық» деп атап өткен болатын. Бұл сөздер қоғамның дамуы мен тұрақтылығы ең алдымен адал еңбек иелеріне тікелей байланысты екенін айқын көрсетеді.

Осы еңбек майталмандарының қатарында «Оңтүстік жарық транзит» мекемесінің тәжірибелі электр маманы Дархан Сыздықов та бар. Ол 2007 жылдан бері жарық беру саласында үздіксіз еңбек етіп келеді. Еңбек жолын қарапайым контролер қызметінен бастап, уақыт өте келе біліктілігі мен жауапкершілігінің арқасында апаттық қызметтің білікті маманына айналды. Бүгінде тұрғындардың жарықсыз қалмауы, кез келген ақауды дер кезінде анықтап, жедел қалпына келтіру – оның күнделікті қызметінің басты бағыты.

Электр мамандарының жұмысы – тәуекелі жоғары әрі аса жауапты қызметтің бірі. Бір сәттік қателік немесе немқұрайлылық адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау – бұл саладағы басты талап. Дархан Сыздықов осы қағидаларды әрдайым мүлтіксіз орындап, жылдар бойы көптеген апатты жағдайлардың алдын алған. Ол күн демей, түн демей, кез келген ауа райында тұрғындардың жарығы үзілмеуі үшін аянбай еңбек етіп келеді.

Электр жүйесі қызметкерлері көбіне көзге көрінбей, тасада жүретін мамандар санатына жатады. Алайда олардың тынымсыз еңбегінің арқасында қалалар мен елді мекендер жарықпен қамтылып, тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруіне жағдай жасалады.

«Жұмысшы мамандықтар жылының» басты мақсаты – ел экономикасына нақты үлес қосып жүрген қарапайым еңбек адамдарын дәріптеу, олардың еңбегін бағалап, қоғамдағы беделін арттыру. Дархан Сыздықов сынды мамандардың адал әрі қажырлы еңбегі – қаланың жарығының, қауіпсіздігінің және тұрақты дамуының кепілі.

Возможно, это изображение альпинизм

Еңбек адамы – елдің тірегі. Осындай кәсібіне адал, жауапкершілігі жоғары азаматтардың еңбегі қоғамның алға жылжуына, тұрақты дамуына берік негіз қалайды.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*