Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ІШКІ САЯСАТ САЛАСЫНЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ІШКІ САЯСАТ САЛАСЫНЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Басқармалар үйінің мәжіліс залында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың қатысуымен ішкі саясат бөлімі мен оған қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелер басшыларының 2025 жылдың 11 айында атқарған жұмыстары бойынша есеп беру жиналысы өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение один или несколько человек и помост

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Серикбай Оразбеков, қоғамдық ұйымдардың төрағалары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес, ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Қалеке Марат 11 ай ішінде атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Баяндамада қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды нығайту, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру аясында жүргізілген шаралар кеңінен қамтылды.

Сонымен қатар Жастар ресурстық орталығының басшысы Айгерім Дүйсенбекова есептік кезеңдегі жастар саясатын іске асыру бағытындағы жұмыстарды баяндап, өткізілген іс-шаралар мен қол жеткізілген нәтижелерге тоқталды. Жиында сондай-ақ руханият және талдау орталығының 11 айда атқарған қызметі таныстырылып, қоғамдық сана мен рухани құндылықтарды нығайту бағытындағы жұмыстар атап өтілді.

Мәжілісті қорытындылаған аудан басшылығы ішкі саясат саласында атқарылып жатқан жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру, қоғамдық ұйымдармен өзара байланысты күшейту және алдағы кезеңге қойылған міндеттерді сапалы орындау жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Возможно, это изображение текст

Жиын соңында ішкі саясат саласының дамуына үлес қосып, өз қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген сала үздіктері Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың Алғыс хаттарымен марапатталды.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*