Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЕСЕП БЕРУ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЕСЕП БЕРУ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Басқармалар үйінің мәжіліс залында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен оған қарасты коммуналдық мемлекеттік мекеме басшыларының 2025 жылдың 11 айында атқарған жұмыстары бойынша есеп беру жиыны өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Ресми кездесуге аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Серікбай Оразбеков, сала қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес, алдымен мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жаңабекқызы 2025 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Баяндамасында сала бойынша жүзеге асырылған жобалар, өткізілген мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар, сондай-ақ алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер жан-жақты қамтылды.

Сонымен қатар Тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры Арман Сансызбайұлы орталықтың есептік кезеңдегі қызметі жөнінде баяндап, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Возможно, это изображение один или несколько человек и отдел новостей

Келесі кезекте мәдениет үйінің директоры Ердәулет Төлегенұлы мәдениет саласында жүзеге асырылған жұмыстарды таныстырды. Ал аудандық кітапханалар жүйесінің 2025 жылдың 11 айындағы қызметі туралы Құндызай Ажмаханқызы баяндама жасады. Сондай-ақ бұқаралық және спорт түрлерін дамыту клубының директоры Нұрсұлтан Камалбекұлы мен Сауран спорт клубының директоры Еркін Ерсінұлы спорт саласында қол жеткізілген нәтижелер мен жетістіктер жөнінде есеп берді.

Жиын барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға сала басшылары нақты жауап беріп, өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Мәжілісті қорытындылаған аудан басшылығы мәдениет пен спорт салаларын дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру, көрсеткіштерді арттыру және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Возможно, это изображение один или несколько человек, отдел новостей и текст "Мадениет, Тίлдерд! дамыту, Sauran No Керсеткиш Мадени кундылыктарды насиха шараларменк камтамасыз MeMnekeTriK гармашылык денгей! с-шара конылымдардан шктрумен; жане cnoprn инальсатын азаматта ардын Дене кене спортпе балалар жасоспй Халыктым 1000 парылымменк камтамасыз румен жене спортпе кдене Шыныктыр HIH H угеде ар .用 รบาย PMIMAT POFALIR СРОКа COPLAZADIS СЕРАККАЙ IM Souran กั Sauran Sauran"

Жиналыс соңында мәдениет пен спорт саласының дамуына елеулі үлес қосып, өз қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген сала үздіктері Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың Алғыс хаттарымен марапатталды. Аудан басшысы марапат иелеріне алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*