Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҮШ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҮШ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Келес ауданында ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асуда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Осы мақсатта аудан аумағында бір күнде үш бірдей жаңа медициналық нысанның ашылу салтанаты өтіп, бұл оқиға ауыл халқы үшін үлкен қуанышқа айналды.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Атап айтқанда, Қошқарата ауыл округіне қарасты Бесқұбыр ауылында дәрігерлік амбулатория, 1-Мамыр елді мекенінде «Шынар» фельдшерлік-акушерлік пункті және Біртілек ауыл округіндегі Игілік ауылында медициналық пункт пайдалануға берілді. Ашылу рәсіміне Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, тұрғындарды маңызды әлеуметтік нысандардың іске қосылуымен құттықтады.

Салтанатты шарада аудан әкімі ауылдық елді мекендерде медициналық инфрақұрылымды дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

— Халықтың денсаулығы – ел дамуының басты кепілі. Ауыл тұрғындары үшін сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету – біздің негізгі міндетіміз. Бүгін пайдалануға берілген бұл нысандар тұрғындардың денсаулығын сақтауға, алғашқы медициналық көмекті уақытылы алуға үлкен мүмкіндік береді, – деді Жәнібек Ағыбаев.

Жаңа медициналық нысандар заманауи талаптарға сай салынған және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге толықтай бейімделген. Ғимараттар қажетті құрал-жабдықтармен қамтылып, медициналық қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған. Бұл өз кезегінде шалғай ауыл тұрғындарының аудан орталығына сабылмай, өз елді мекенінде сапалы медициналық қызмет алуына жол ашады.

Ашылу салтанаты барысында ауыл тұрғындары атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, ел игілігі жолындағы бастамаларға ризашылықтарын білдірді. Мұндай нысандардың іске қосылуы ауыл халқының өмір сапасын арттырып қана қоймай, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға да ықпал ететіні айтылды.

Возможно, это изображение один или несколько человек, больница и текст

Айта кетейік, Келес ауданында алдағы уақытта да денсаулық сақтау саласын дамыту, ауылдық жерлерде медициналық қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасын таба бермек.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*