Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сарыағаш ауданында республикалық маңызы бар автомобиль жолының айналма жолын салу жобасына қатысты ZOOM байланысы арқылы кеңейтілген жиын өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Аталған басқосу өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды жобаның нақты тетіктерін айқындауға арналды.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Кеңейтілген мәжіліске Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Техникалық саясат және сапаны бақылау департаментінің 1-санатты инженері Алтын Ошақбаева, Азия даму банкінің өкілі Қанат Сердалиев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалының сапаны бақылау және жұмыстарды қабылдау бөлімінің бастығы Ержан Жумабек, Келес ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Абай Молданов, «KHG Project» ЖШС директоры Жақсылық Сейділда, сондай-ақ Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Бақытсейіт Әуезов қатысты.

Жиын барысында жобаның әлеуметтік-экономикалық маңызы жан-жақты талқыланып, айналма жолдың өңірдегі көлік қозғалысын жеңілдетуге, транзиттік ағынды реттеуге және жол қауіпсіздігін арттыруға қосар үлесі атап өтілді. Сонымен қатар инженерлік-техникалық шешімдер, жол құрылысына қажетті жер телімдерін рәсімдеу мәселелері және жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру тетіктері қаралды. Заңнама талаптарының сақталуына ерекше назар аударылып, барлық жұмыстардың қолданыстағы нормаларға сай жүргізілуі қажеттігі айтылды.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан бірқатар нақты ұсыныстар айтылып, жобаны іске асыру барысында туындауы мүмкін тәуекелдер мен мәселелерді алдын ала шешу жолдары нақтыланды. Өзара келісім мен үйлестіруді күшейту арқылы жобаны уақытылы әрі сапалы жүзеге асырудың маңыздылығы баса айтылды.

Возможно, это изображение учеба, телевизор и отдел новостей

Айта кетсек, жиынның негізгі мақсаты – республикалық маңызы бар айналма жол құрылысы жобасын іске асыру кезінде туындайтын жер қатынастарына байланысты мәселелерді талқылап, оларды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиімді әрі жүйелі түрде шешу жолдарын айқындау.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*