Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақбастау ауылдық округі Ақбастау елді мекенінде жаңа спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Аталған нысан ауыл жастарының спортпен тұрақты айналысуына және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған маңызды әлеуметтік жоба болып отыр.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Салтанатты жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев ашып, ҚР Президентінің салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында ауданда ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Арнайы жиналған ауыл тұрғындарын заманауи жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтады.

«Бүгінгі ашылып отырған нысан — жастарымыздың спортпен шұғылдануына, салауатты өмір салтын ұстануына, түрлі жарыстар ұйымдастыруға арналған қолайлы орын болмақ. Бұл кешен болашақ чемпиондарымызды тәрбиелеуге үлкен септігін тигізеді», — деді Бақыт Қырғызалиев өз сөзінде.

Сонымен қатар, салтанатты жиынға арнайы келген Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нақыпбеков Алмас Мұхаддасұлы Ақбастау елді мекенінің тұрғындарын жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтап, өңірде спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Жаңа спорт кешені – жобасын жүзеге асырушы мердігер мекеме – «Trendim KZ» ЖШС. Нысан құрылысы 2024 жылдың тамыз айында басталып, белгіленген мерзімде аяқталған. Кешен барлық заманауи талаптарға сай жабдықталып, жаттығу және жарыс өткізуге толық мүмкіндік береді.

Бүгінде Бәйдібек ауданында 238 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 1 су спорт кешені, 1 жабық теннис корты, 3 спорттық манеж, 53 спорт залы және 177 спорт алаңдары бар. Бұл көрсеткіштер аудан көлемінде бұқаралық спортты дамытуға жүйелі түрде көңіл бөлініп отырғанын көрсетеді.

Аудан спортшылары ағымдағы жылы түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өңір намысын абыроймен қорғап келеді. Атап айтқанда, тоғызқұмалақ, волейбол және еркін күрес түрлерінен аудан спортшылары жүлделі орындарға ие болды.

Возможно, это изображение один или несколько человек и платок

Жаңа спорт кешені – жастардың денсаулығын нығайтып, олардың бойына отансүйгіштік пен патриоттық тәрбие сіңіруге бағытталған игі бастамалардың жарқын көрінісі. Бұл кешен алдағы уақытта ауыл жастарының бас қосып, кәсіби спортпен айналысуына кең мүмкіндік беріп, ауылдың қоғамдық өмірінде маңызды орын алатыны сөзсіз.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*