Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МӘЖІЛІСТЕ НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МӘЖІЛІСТЕ НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен аудандық полиция бөлімінің басшысы Мұрат Ермеков, аудандық аумақтық кірістер басқармасының басшысы Серік Жасұзақов, білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Шоқан Адайбеков, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары, сондай-ақ «ҚазСуШар» РМК Түркістан өндірістік филиалы мен төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері қатысты.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Күн тәртібінде бекітілген мәселелер бойынша жауын-шашын салдарынан көшелерді су басуының алдын алу жұмыстары туралы Жетісай қаласының әкімі Нұрлыбек Бахтияров пен Асықата кентінің әкімі Нұралы Жолдасбек, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Қанжар Досаев баяндама жасады. Ал аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Өмірзақ Дүйсебаев пен аудандық аумақтық кірістер басқармасының басшысы Серік Жасұзақов қаржы қаражатының игерілуі мен бюджеттік түсімдердің орындалу барысына жан-жақты тоқталды.

Сонымен қатар мәжіліс барысында қысқы вегетациялық жұмыстардың орындалуы мен әскерге шақыру науқанының барысы, «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық акциясының жүзеге асырылуы және жылыту маусымының өту жағдайы кеңінен талқыланды. Ауыл шаруашылығы саласында су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде тиісті сала басшылары баяндама жасап, алдағы жоспарларымен таныстырды және қойылған сұрақтарға жауап берді.

Возможно, это изображение отдел новостей и текст

Мәжіліс соңында аудан басшысы Серік Үсенұлы Мамытов атқарылған жұмыстарға талдау жасап, алдағы кезеңге нақты міндеттер жүктеді. Орын алған кемшіліктерді жою бойынша нақты ұсыныстар айтып, әр салаға уақыт межесін белгіледі. Сондай-ақ жауапты басшыларға тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*