Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Осы кезге дейін 5 мыңнан астам тұрғыны бар Түлкібас ауданына қарасты Азаттық елді мекенінің тұрғындары медициналық көмекті ескі, талапқа сай келмейтін нысанда алып келген-ді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение текст "TTblK" A3 AI ΣΕPЛΙΚ A ny CAЛ KИ6AC"

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында аталған елді мекенде заманауи дәрігерлік амбулатория бой көтеріп, бүгін ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұл нысан ауыл тұрғындарының сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуына мүмкіндік беріп отыр.

Ауыл тұрғындарының қуанышымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев, Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев пен аудандық мәслихат төрағасы Серғали Сәрсенбаев бөлісіп, жаңа медициналық нысанның маңыздылығына тоқталды. Қонақтар мемлекет тарапынан ауыл медицинасын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

Жаңа дәрігерлік амбулатория заманауи талаптарға толық сай жабдықталған. Мұнда сүзгі (фильтр) бөлмесі, әйелдерге арналған кабинет, егу және емшара бөлмелері, қабылдау кабинеті, физиотерапия кабинеті, дәріхана бөлмесі, 4 төсекке арналған күндізгі стационар, дені сау бала бөлмесі, тіс дәрігерінің кабинеті, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне арналған арнайы бөлмелер қарастырылған. Бұл өз кезегінде алғашқы медициналық-санитарлық көмекті сапалы әрі уақытылы көрсетуге жол ашады.

Возможно, это изображение один или несколько человек, больница и текст

Іс-шара барысында аудан әкімі Асқар Сұлтанұлы нысанның құрылысын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтаған мердігер мекеме өкілдерін арнайы алғыс хаттармен марапаттап, ауыл тұрғындары атынан ризашылығын білдірді. Ал ауыл ақсақалдары ел игілігі үшін атқарылған іске ақ баталарын беріп, жаңа амбулаторияның ауыл өміріндегі маңызын атап өтті.

Айта кетейік, елді мекен тұрғындарына қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында биыл аудан аумағында медициналық тірек қажет етілетін Мақталы, Тастыбұлақ, Шақпақ-баба және Азаттық ауылдарында заманауи медициналық нысандар салынып, пайдалануға берілді. Ал жыл соңына дейін Қызылбастау ауылындағы медициналық нысанды ел игілігіне тапсыру жоспарланып отыр.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Жоспарға сәйкес, 2026 жылы медициналық тіректі қажет ететін 11 ауылдың ішінде Қараағашты, Жанұзақ, Майтөбе және Еңбек елді мекендерінде жаңа заманауи медициналық нысандар салу көзделген. Бұл бастамалар ауыл халқының денсаулығын нығайтуға және өмір сапасын арттыруға бағытталған.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*