Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі штаб отырысы өтті,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст "LEFIOI 때 ١0 C"

Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Нұрпейіс Ақбаевтың төрағалығымен өткен маңызды жиынға штаб мүшелерімен қатар, сала мамандары, құқық қорғау органдарының өкілдері және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Басқосудың негізгі мақсаты – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы кезеңге нақты міндеттерді айқындау болды.

Күн тәртібінде штабтың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, сондай-ақ аудандық білім бөлімі тарапынан жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы есеп тыңдау мәселелері қаралды. Бұл бағытта білім бөлімі өкілдері кәмелетке толмағандар арасында жүргізілген профилактикалық іс-шаралар, құқықбұзушылықтың алдын алу, қиын жағдайға тап болған балалар мен әлеуметтік осал отбасылармен жүргізілген жұмыстар жөнінде кеңінен баяндады.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Жиын барысында жасөспірімдерге құқықтық көмек көрсету, психологиялық қолдау тетіктерін жетілдіру, мектептер мен ата-аналар арасындағы өзара байланысты нығайту мәселелері де сөз болды.

Комиссия мүшелері ұсынылған ақпараттарды талқылай келе, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берді. Әсіресе, тәуекел тобындағы балалармен жеке жұмыс жүргізу, білім беру ұйымдарында түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ жауапты мекемелердің өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударылды.

Сонымен қатар 2026 жылға арналған штабтың жұмыс жоспары бірауыздан мақұлданып, кәмелетке толмағандарды құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау бойынша кешенді іс-шараларды сапалы әрі уақытылы орындау тапсырылды. Бұл жоспар балалардың қауіпсіз ортада өсіп-жетілуіне бағытталған жүйелі жұмыстарды қамтиды.

Нет описания фото.

Жиын соңында штаб мүшелері бала құқығын қорғау – баршаға ортақ міндет екенін атап өтіп, бұл бағытта барлық мүдделі мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері мен сала мамандары бірлесе әрі жауапкершілікпен жұмыс істеуі керектігін жеткізді.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*