Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МАРОККО ШЕГІРТКЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МАРОККО ШЕГІРТКЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бәйдібек ауданы аумағында аса қауіпті зиянкестердің бірі – морокко шегірткесіне қарсы алдын алу және залалсыздандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы дақылдары мен жайылым алқаптарына айтарлықтай қауіп төндіретін бұл зиянкеске қарсы шаралар ерте бастан қолға алынған. Мамандардың айтуынша, морокко шегірткесі дер кезінде жойылмаса, егін мен мал азығына елеулі зиян келтіріп, шаруалардың еңбегін зая кетіруі мүмкін. Осыған байланысты аудан бойынша алдын алу бағытындағы жұмыстар күшейтіліп отыр.

Арнайы жүргізілген мониторинг нәтижесінде 21 нүктеде шегіртке тұқымдарының, яғни дернәсілдердің шоғырланған координаттары нақтыланды. Анықталған аумақтар бойынша тиісті қызметтер шұғыл әрекет етіп, қазіргі таңда Бөген, Жамбыл және Мыңбұлақ ауылдық округтерінің жерлерінде топырақты аудару, өңдеу және агротехникалық шаралар басталды. Бұл жұмыстар белгіленген жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Мамандар дернәсілдермен күресте химиялық өңдеумен қатар, экологиялық қауіпсіз әдістерді де қолдануға басымдық беріп отыр. Негізгі мақсат – зиянкестің көбеюіне жол бермей, оны ерте кезеңде жою арқылы алдағы маусымда туындауы мүмкін қауіптің алдын алу. Әсіресе, жайылымдық жерлер мен егістік алқаптарға жақын аумақтарға ерекше назар аударылуда.

Аудан әкімдігі мен тиісті сала мамандары жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, мониторинг жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді. Сонымен қатар жергілікті шаруалармен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, шегіртке дернәсілдері байқалған жағдайда тиісті органдарға дер кезінде хабарлау қажеттігі ескертілуде. Бұл өз кезегінде зиянкеспен күресті тиімді әрі нәтижелі жүргізуге мүмкіндік береді.

Возможно, это изображение комбайн

Жалпы, морокко шегірткесіне қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар өңірдің аграрлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шаралардың бірі болып саналады. Алдағы уақытта да анықталған ошақтар бойынша кешенді жұмыстар жалғасып, ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау басты назарда болмақ.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*