Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Бәйдібек ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ауданның көпбалалы, алтын құрсақты аналары марапатталды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Мазмұнды әрі тағылымды шараға аудан басшылығы, сала жетекшілері және ардақты аналар қатысты. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес мемлекеттік марапатқа ие болған 11 анаға салтанатты түрде «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табысталды. Атап айтқанда, олардың 3-еуі – «Алтын алқа», ал 8 ана «Күміс алқа» иегері атанды.

Салтанатты жиында аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев ардақты аналарды шын жүректен құттықтап, олардың қоғамдағы айрықша рөліне тоқталды. Ол өз сөзінде ана – отбасының ғана емес, тұтас елдің тірегі екенін атап өтіп, көпбалалы аналарға көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдауларға да кеңінен тоқталды.

– «Құрметті алтын құрсақты аналар! Сіздерге деген құрмет ешқашан төмендемейді. Елімізде ана мен баланы қорғау бағытында мемлекет тарапынан түрлі әлеуметтік қолдаулар мен қамқорлықтар жасалып келеді. Баланы дүниеге әкеліп қана қоймай, оны өсіріп, тәрбиелеп, елдің адал азаматы етіп қалыптастырып отырғандарыңыз – үлкен еңбек, зор жауапкершілік. Осы еңбектеріңіз үшін сіздерге шынайы алғысымды білдіремін. Әр отбасыңызға амандық, шаңырақтарыңызға береке тілеймін», – деп жылы лебізін білдірді.

Осыдан кейін аудан басшысы марапат иелеріне салтанатты түрде алқаларын табыстап, аналарға құрмет көрсетті.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Айта кетейік, мұндай марапаттар – көпбалалы аналардың ел алдындағы еңбегіне берілген жоғары баға. Бұл – болашақ ұрпақ тәрбиесіне қосылған өлшеусіз үлесті дәріптеу, аналарға деген қоғамның ризашылығын білдірудің айқын көрінісі. Бәйдібек ауданында ана мен баланы қолдау, отбасылық құндылықтарды нығайту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Марапаттарыңыз құтты болсын, алтын құрсақты аналар!

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*