Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: СУ АРНАЛАРЫН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: СУ АРНАЛАРЫН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚР Президентінің ауыл аумақтарын дамыту және су ресурстарын тиімді басқару жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Бәйдібек ауданында 2025 жылы жалпы ұзындығы 40,4 шақырымды құрайтын каналдарды механикалық тазалау жұмыстары жоспарға енгізіліп, кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Нет описания фото.

Аталған жұмыстар аудан аумағындағы суару жүйелерінің тиімділігін арттыруға, ауыл шаруашылығы алқаптарын ағын сумен тұрақты қамтамасыз етуге және егіс көлемінің өнімділігін жоғарылатуға бағытталған. Су арналарының уақытылы тазалануы – әсіресе егін және мал азығын дайындау кезеңінде аса маңызды. Осыған байланысты аудан әкімдігі тарапынан бұл мәселе тұрақты бақылауға алынған.

Бүгінгі күнге дейін жоспарланған жұмыстардың бір бөлігі толығымен орындалған. Атап айтқанда, «Бекбау» каналының 9,5 шақырым аумағы және «Қарақожа» каналының 3,5 шақырым бөлігі механикалық әдіспен толық тазартылды. Нәтижесінде су өткізу қабілеті жақсарып, арналардағы бөгелістер жойылды. Бұл өз кезегінде төменгі аймақтардағы егістік жерлерге судың кедергісіз жетуіне мүмкіндік беріп отыр.

Алдағы кезеңде механикалық тазалау жұмыстары бірқатар елді мекендер аумағында жалғасын табады. Жамбыл ауылдық округі бойынша «Шыбыт» каналының 1,5 шақырымы, «Ақбастау» каналының 3,0 шақырымы және «Қызылсай» каналының 1,2 шақырымы тазаланатын болады. Сонымен қатар Боралдай ауылдық округінде «Қаратас» каналы – 5,0 шақырым, «Жоғары Боралдай» – 8,7 шақырым және «Көктерек» каналының 8,0 шақырым аумағын тазалау жоспарланған.

Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстар барысында арнайы техника тартылып, арналардың түбі тереңдетіліп, лай, шөгінділер мен бөгде қалдықтар толықтай алынады. Мұндай кешенді тәсіл су арналарының ұзақ мерзім бойы тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді. Сонымен қатар су ысырабының алдын алуға және су ресурстарын үнемді пайдалануға жағдай жасалады.

Нет описания фото.

Аудан әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында суару инфрақұрылымын жақсартуға, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға және шаруалардың еңбек жағдайын оңтайландыруға бағытталған жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыра беретін болады.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*