Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: 2 ЕЛДІ МЕКЕН САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: 2 ЕЛДІ МЕКЕН САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді мекендерді 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында Түркістан облысында маңызды инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Бұл бастамалар өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Бүгін осы жұмыстардың нақты нәтижесі ретінде Келес ауданындағы Кеңдала мен Көгерту елді мекендерінде су нысандары ел игілігіне берілді.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Келес ауданына жұмыс сапары барысында Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Кеңдала және Көгерту елді мекендерінде салынған ауыз су нысандарының ашылу салтанатына қатысып, тұрғындарды маңызды оқиғамен құттықтады. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекетке қайтарылған активтер қаражаты халық игілігіне бағытталып жатқанын атап өтіп, бұл жұмыстардың әлеуметтік маңызы зор екенін айтты. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға ауыз су нысандарының сапалы әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, жүйелерді тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Іс-шара барысында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев тұрғындарды маңызды әлеуметтік нысандардың іске қосылуымен құттықтап, елді мекендердің дамуына серпін беретін жобалардың жалғаса беретінін жеткізді. Оның айтуынша, алдағы уақытта да тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық бастамалар жүйелі түрде жүзеге асырылады.

Возможно, это изображение текст

Жаңа ауыз су нысаны арқылы Кеңдала елді мекеніндегі 102 тұрғын үйдің 502 тұрғыны таза әрі сапалы ауыз сумен қамтылды. Ал Көгерту елді мекенінде іске қосылған су нысанының арқасында 91 тұрғын үйдегі 611 тұрғын орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Бұл өз кезегінде ауыл халқының күнделікті тұрмысын жеңілдетіп, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына оң ықпал етуде.

Возможно, это изображение водонагреватель

Жалпы, Келес ауданы бойынша 13 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған. Қазіргі таңда 12 ауыз су нысанының құрылысы жүргізіліп, олардың басым бөлігінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақын. Аталған жобалар толық іске асқан жағдайда аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту деңгейі айтарлықтай артып, халықтың әлеуметтік жағдайы жаңа деңгейге көтеріледі.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*