Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Осы кезге дейін 5 мыңнан астам тұрғыны бар Түлкібас ауданына қарасты Азаттық елді мекенінің тұрғындары медициналық көмекті ескі, заманауи талаптарға сай келмейтін нысанда алып келген болатын. Бұл жағдай ауыл халқы үшін бірқатар қолайсыздықтар туғызған еді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение текст "TTblK" A3 AI ΣΕPЛΙΚ A ny CAЛ KИ6AC"

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында аталған елді мекенде жаңа, заманауи дәрігерлік амбулатория бой көтеріп, бүгін ресми түрде ел игілігіне пайдалануға берілді. Аталған нысан ауыл тұрғындарының сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуына зор мүмкіндік туғызады.

Ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісу үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев, аудан әкімі Асқар Естібаев пен аудандық мәслихат төрағасы Серғали Сәрсенбаев арнайы қатысып, жаңа медициналық нысанның ашылуымен құттықтады.

Жаңа дәрігерлік амбулатория заманауи стандарттарға толық сай жабдықталған. Онда фильтр бөлмесі, әйелдер бөлмесі, егу бөлмесі, емшара кабинеті, қабылдау бөлмесі, физиотерапия кабинеті, дәріхана бөлмесі, 4 төсекке арналған күндізгі стационар, дені сау бала бөлмесі, тіс дәрігерінің кабинеті, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне арналған арнайы бөлмелер қарастырылған. Бұл тұрғындарға алғашқы медициналық-санитариялық көмекті сапалы түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

Возможно, это изображение один или несколько человек, больница и текст

Іс-шара барысында аудан әкімі Асқар Сұлтанұлы нысанды сапалы салып, құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтаған мердігер ұйым өкілдерін арнайы алғыс хаттармен марапаттап, ауыл тұрғындары және жеке өзі атынан ризашылығын білдірді. Ал ауыл ақсақалдары ел игілігі жолындағы игі іске үлес қосқан азаматтарға ақ баталарын берді.

Айта кетейік, елді мекен тұрғындарына қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылы аудан аумағында медициналық тірекке мұқтаж 4 елді мекенде — Мақталы, Тастыбұлақ, Шақпақ-баба және Азаттық ауылдарында заманауи медициналық нысандар салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар жыл соңына дейін Қызылбастау ауылындағы медициналық нысанды халық игілігіне тапсыру жоспарлануда.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Бұл бағыттағы жұмыстар мұнымен шектелмейді. Алдағы уақытта медициналық тірек қажет ететін тағы 11 ауылда кезең-кезеңімен жаңа нысандар салу көзделген. Атап айтқанда, 2026 жылы Қараағашты, Жанұзақ, Майтөбе және Еңбек елді мекендерінде заманауи медициналық нысандар бой көтереді деп жоспарлануда.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*