Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 17 аудан мен қалалық жастар ресурстық орталықтарының психологтарының қатысуымен “Үздік психолог – 2025” облыстық байқауы ұйымдастырылды,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Аталған байқау өңірде жастармен жұмыс жүргізіп жүрген психолог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталды.

Байқаудың негізгі мақсаты – жастар мен жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу жұмыстарын күшейту, психолог мамандарының кәсіби және тұлғалық әлеуетін дамыту, сондай-ақ үздік тәжірибелерді анықтап, кеңінен насихаттау.
Байқау екі кезең бойынша өткізілді:
I кезең – өзекті әлеуметтік-психологиялық мәселелердің алдын алу тақырыптарын қорғау;
II кезең – “Кәсіби шеберлік” бағыты бойынша нақты жағдаяттардан шығу бойынша сұрақ-жауап кезеңі.
Әр кезеңде қатысушылар өздерінің кәсіби білімін, тәжірибесін, шығармашылық қабілетін және жастармен жұмыс істеудегі шеберлігін көрсетті.
Нәтижесінде үздік деп танылған қатысушылар арнайы дипломдармен, қаржылай сыйақылармен және түрлі номинациялармен марапатталды.
ЖЕҢІМПАЗДАР:
I орын:
• Сарыағаш ауданы – Жаржанова Светлана Киікбайқызы
• Ордабасы ауданы – Сариева Мөлдір Сейлқасқызы
II орын:
• Отырар ауданы – Маханбетжан Әдемі Сержанқызы
• Төлеби ауданы – Оразбай Меруерт Әлімбекқызы
III орын:
• Арыс қаласы – Үсен Ақбота Қуанышқызы
• Сайрам ауданы – Кенжебек Гүлмира Бердиярқызы
АРНАЙЫ НОМИНАЦИЯЛАР:
• “Үздік шығармашыл психолог” – Намазова Ақерке Баратқызы (Келес ауданы)
• “Үздік жаңашыл психолог” – Сейлбек Зейнеп Нұрланқызы (Кентау қаласы)

Байқау өңір психологтары арасында тәжірибе алмасуға, өзара кәсіби байланыстарды нығайтуға және жастармен жүргізілетін психологиялық жұмыстардың сапасын арттыруға зор серпін берді.
© Jetpisbai.kz
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары