Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БАР МЕЙІРІМДІЛІК – БАЛАЛАРҒА!

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БАР МЕЙІРІМДІЛІК – БАЛАЛАРҒА!

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Т.Тәжібаев атындағы отбасылық тәрізді балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арналған «Бар мейірімділік балаларға» атты мазмұнды экскурсиялық іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Бұл игі бастама балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың рухани дамуына оң ықпал етуді көздеді.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Іс-шараның басты мақсаты – балалардың жан дүниесін байытып, тарихи санасын тереңдету, туған өлкенің рухани-мәдени құндылықтарына құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ оларды мәдени ортада тәрбиелеу. Сонымен қатар жас ұрпақтың бойына адамгершілік, мейірімділік пен отансүйгіштік қасиеттерді дарытуға ерекше мән берілді.

Балаларды облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында арнайы қарсы алып, психологиялық қолдау көрсету мақсатында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Ашық әрі жылы форматта өткен тренинг барысында балалармен достық қарым-қатынас орнап, еркін әңгіме өрбіді.

Шараның ашылуында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Дінислам Нартайұлы сөз сөйлеп, балаларға жүрекжарды тілегін жеткізді.

«Біздің мақсатымыз – өсіп келе жатқан ұрпаққа рухани тәрбие беріп, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру. Бүгінгі сапар балалардың санасына еліміздің тарихы мен мәдениетінің терең рухын сіңіріп, жаңа әсер, жаңа серпін сыйлайды деп сенемін. Болашағымыз – балалардың бақытты әрі саналы болып өсуі бәріміз үшін маңызды», – деді ол.

Возможно, это изображение ребенок и толпа

Экскурсия барысында балалар облыс орталығындағы бірқатар тарихи және мәдени нысандармен танысты. Алдымен олар «Қожа Ахмет Ясауи» кесенесіне және «Ясауи» мұражайына экскурсия жасап, түркі әлемінің рухани мұрасымен жақыннан танысты. Одан кейін сапар «Ұлы дала елі» орталығында жалғасын тауып, мұнда балалар қазақ халқының тарихы мен дәстүрін айшықтайтын бірегей экспонаттарды тамашалады.

Түскі астан кейін балалар TURAN MALL сауда орталығындағы «Baloo» ойын-сауық орталығында еркін демалып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Сондай-ақ «Prime Cinema» кинотеатрында балаларға арналған анимациялық фильмді тамашалап, ерекше әсер алды.

Возможно, это изображение ребенок

Аталған игі шара балалардың көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, олардың танымдық көкжиегін кеңейтіп, тарихи орындарға деген қызығушылығын арттырды және рухани дамуына оң ықпал етті. Мейірім – ең үлкен құндылық, ал балаларға көрсетілген әрбір қамқорлық қоғамның ізгілігін айқындайды. Осындай бастамалар қоғамдағы қайырымдылық пен жанашырлықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып саналады.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*