Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖАҢБЫРЛЫ МАУСЫМ

ЖАҢБЫРЛЫ МАУСЫМ

Биылғы көктем ерекше болмақ. Шымкентте бірнеше күннен бері толассыз жауған жаңбыр қала тұрғындарын әбігерге салды. Синоптиктердің болжауынша Сәуір айының алғашқы онкүндігі жауын — шашынды болып, одан кейін күн жылынады. Ылғал жылдағыдан көп түсуі мүмкін, дейді мамандар. Бұл туралы «Оңтүстік» арнасына сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің болжауынша, қолайсыз ауа райы атлантикалық циклонмен келетін атмосфералық фронттармен байланысты. Ауа райының айлық температурасы +7+17С, бұл көрсеткіш нормадан 1С-қа жоғары. Сәуір айының бірінші онкүндігінде ауа температурасы түнде  +5 С-тан +5+10С-қа дейін болса, күндіз +10+15 С болмақ. Жалпы, алғашқы онкүндікте ауа температурасы жоғарылауы мүмкін. Жалпы, жауын—шашын айдың басында, екінші онкүндіктің соңында және үшінші онкүндіктің басында күтіледі. Арасында соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Динара Айтмырзаева –инженер синоптик: Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады. Алдағы күндері 31 наурыз 1-2 сәуірге тоқтала келетін болсақ, ауа температурасы түнде 2-7 С жылы, кей жерлерде 0-5 С аязға дейін төмендеуі мүмкін. Сондай-ақ күндіз ауа температурасы ертеңгі күні 8-13 С, кей жерлерде 5С жылыдан 1 сәуір күні кішкене көтеріліп бастайды. Яғни 10-15С кей жерлерде  5С жылыға дейін жоғарылайды.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*