Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданына жұмыс сапары барысында қазығұрттық тұрғындармен кездесті,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Нет описания фото.

Аймақ басшысы Қазығұрт елді мекеніндегі О.Жандосов көшесінде орналасқан екі қабатты, 10 пәтерлі тұрғын үйге арнайы барып, қайта жөндеуден өткізілген нысанның қазіргі жағдайымен танысты. Облыс әкімі тұрғын үйдің ішкі және сыртқы инфрақұрылымын, жөндеу жұмыстарының сапасын өз көзімен көріп, үй иелерімен еркін форматта пікір алмасты.

Кездесу барысында тұрғындар бұрыннан мазалап келген мәселелерінің оң шешімін тапқанын айтып, атқарылған жұмыстарға ризашылықтарын білдірді. Олар облыс және аудан басшылығына дер кезінде көңіл бөліп, нақты қолдау көрсеткені үшін алғыстарын жеткізді. Тұрғындардың айтуынша, жүргізілген жөндеу жұмыстары олардың тұрмыс сапасын жақсартып, қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда өмір сүруіне мүмкіндік берген.

Нұралхан Көшеров өз сөзінде халықтың ұсыныс-пікірлері мен өтініштері қашанда маңызды екенін атап өтті. Әрбір көтерілген мәселе назардан тыс қалмайтынын айтып, тұрғындардың жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді. Облыс әкімі жергілікті атқарушы органдарға тұрғындардың тұрмысына тікелей әсер ететін мәселелерді уақытылы әрі сапалы шешуді тапсырды.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Айта кетейік, бұған дейін облыс әкімінің халықпен кездесуі барысында қазығұрттық тұрғындар аталған тұрғын үйлердің жағдайына байланысты мәселе көтерген болатын. Нақтырақ айтқанда, кейбір пәтерлердің едендері шөгіп, ішкі аралық қабырғалары жарылып, тұрғындардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық туындаған. Бұл жағдайлар тұрғындардың күнделікті өміріне едәуір қолайсыздық әкелген.

Аталған мәселе облыс басшылығы тарапынан шұғыл назарға алынып, тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді. Нәтижесінде қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың өтінішіне сәйкес №35 және №35 Б тұрғын үйлерде орын алған ақаулар толықтай ретке келтірілді.

Возможно, это изображение один или несколько человек и шляпа

Мұндай жұмыстар өңірдегі тұрғын үй қорын жақсартуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі саналады.

© Jetpisbai.kz

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*