Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҰҚК БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОСЫМША ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҰҚК БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОСЫМША ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Сарыағаш аудандық басқармасының қосымша ғимараты пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение помост и отдел новостей

Маңызды нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Қалмұрзаев арнайы қатысып, сала қызметкерлерін жаңа ғимараттың іске қосылуымен құттықтады. Салтанатты шара барысында мемлекеттік қауіпсіздік саласында қызмет етіп жүрген мамандардың жауапты әрі маңызды еңбегі атап өтілді.

Жаңа қосымша ғимараттың жалпы аумағы 450 шаршы метрді құрайды. Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың ақпан айында басталып, белгіленген мерзімге сай толық аяқталған. Нысанның құрылысын «AIN DEVELOPMENT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізсе, тапсырыс беруші ретінде «Сарыағаш Қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны белгіленген. Құрылыс барысында барлық техникалық және қауіпсіздік талаптары сақталып, ғимарат заманауи стандарттарға сай жабдықталған.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Ғимарат ішінде қызметкерлердің тиімді әрі сапалы жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған. Кең әрі жарық кабинеттер, қажетті техникалық құрал-жабдықтар, қызметтік бөлмелер мен инфрақұрылым қауіпсіздік саласының күнделікті жұмысын оңтайландыруға бағытталған. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің Сарыағаш аудандық бөлімі осы жылдың ақпан айында аудандық басқарма болып қайта құрылды. Соған сәйкес қызметкерлер саны артқан. Жаңа құрылымдық өзгерістерге байланысты қосымша ғимарат салу қажеттілігі туындап, бұл мәселе уақтылы шешімін тапты.

Салтанатты шара барысында облыс әкімі Нұралхан Көшеров қауіпсіздік саласы қызметкерлерінің ел тыныштығын сақтау жолындағы еңбегіне тоқталып, олардың жұмысын қолдау – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар ол жаңа ғимарат ұжымның қызметтік мүмкіндігін кеңейтіп, кәсіби міндеттерді орындауға серпін беретініне сенім білдірді.

Возможно, это изображение текст

Іс-шара соңында облыс әкімі мен жиынға қатысушылар басқарманың жаңа ғимаратын аралап көріп, жасалған жағдайлармен танысты. Қауіпсіздік өкілдерінің жұмысына сәттілік тілеп, алдағы міндеттерді абыроймен атқаратынына сенім білдірді.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*