Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ҮЙЛЕРІН БЕЗЕНДІРГЕН

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ҮЙЛЕРІН БЕЗЕНДІРГЕН

Түркістан қаласында ҚР Тәуелсіздік күніне орай тұрғындар тарапынан тағылымы терең, мәні зор мерекелік бастама қолға алынды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение Храм Василия Блаженного и текст

Айтулы мерекеге орай қала тұрғындары елдік рухты көтеретін, патриоттық сезімді айшықтайтын ерекше іс-шаралармен көзге түсіп отыр. Соның бірі – Түркістан қаласындағы 1-мөлтек ауданында орналасқан №3 көпқабатты тұрғын үй тұрғындарының бастамасы. Олар өз үйлерін мемлекеттік рәміздермен, көк Ту бейнеленген элементтермен және Тәуелсіздік күніне арналған арнайы безендірулермен көркемдеп, мерекенің шынайы атмосферасын қалыптастырған.

Көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне ілінген Тәуелсіздікке қатысты ұрандар мен ұлттық нақыштағы көрнекіліктер алыстан көз тартып, қала тұрғындары мен қонақтарының назарын аударды. Бұл – бір ғана үйдің сәнделуі емес, елге, жерге деген сүйіспеншіліктің, азаттықтың қадірін терең түсінудің көрінісі. Тұрғындардың айтуынша, бұл бастама ешқандай міндеттеусіз, өз еріктерімен жүзеге асырылған.

Аталған игі іс арқылы тұрғындар Тәуелсіздік күнінің тарихи маңызын, еліміздің жүріп өткен күрделі жолын еске алып, бейбіт өмірдің, тұрақтылықтың қадірін ұғындыруды мақсат еткен. Әсіресе, бұл көрініс жас ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие. Себебі балалар мен жасөспірімдер күнделікті өз үйлерінде мемлекеттік рәміздерді көріп, олардың мән-мағынасын түсінуге, ел тарихына қызығушылық танытуға мүмкіндік алады.

Қала тұрғындары мұндай бастамалар ел ішіндегі бірлік пен ынтымақты нығайтып, ортақ құндылықтарға деген құрметті арттыратынын айтады. Сонымен қатар, бұл әрекет көршілер арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, ортақ іске жұмылудың жарқын үлгісіне айналған. Кейбір тұрғындар алдағы уақытта да мемлекеттік және ұлттық мерекелерде осындай игі дәстүрді жалғастыруды жоспарлап отырғандарын жеткізді.

Возможно, это изображение текст

Жалпы, Түркістандағы бұл бастама Тәуелсіздік күнінің рухын айшықтай түскен жарқын көріністердің бірі болды. Осындай қарапайым, бірақ мағынасы терең істер ел тәуелсіздігін қадірлеуге, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға және өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты сіңіруге зор ықпал етеді.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*