Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МИНЕРАЛДЫ СУ МЕН СУСЫНДАР ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МИНЕРАЛДЫ СУ МЕН СУСЫНДАР ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Келес ауданы әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев Жүзімдік елді мекеніндегі минералды су зауытының құрылыс барысымен танысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение турникет и текст

Жұмыс сапары барысында аудан әкімінің орынбасарына инвесторлар тарапынан жобаның жауапты өкілі Төлеби Махамбетұлы өндіріс орнының қазіргі ахуалы мен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ, жобаның жүзеге асу кезеңдері мен алдағы жоспарларын талқылады.

Аталған зауыт – аудан экономикасын әртараптандыруға және өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Қазіргі таңда өндіріс орнының құрылыс жұмыстары толық аяқталып, заманауи технологиялық қондырғылар зауыт аумағына жеткізілген. Бүгінде арнайы мамандар құрал-жабдықтарды монтаждау және іске қосу алдындағы соңғы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл кезең өндірістің сапалы әрі үздіксіз жұмыс істеуі үшін аса маңызды саналады.

Жоба аясында «SunDala» брендімен минералды су және лимонадтық сусындар өндірілмек. Өндіріс барысында халықаралық стандарттарға сай технологиялар қолданылып, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне ерекше мән берілетіні айтылды. Инвесторлардың мәліметінше, зауытта табиғи минералды су көздері пайдаланылып, экологиялық талаптар қатаң сақталады.

Жобаның жалпы инвестициялық құны 2,5 млрд теңгені құрайды. Зауыт толық іске қосылған жағдайда 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, бұл Жүзімдік елді мекені мен оған жақын аумақтардағы тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өндірілетін өнімдер ішкі нарыққа ғана емес, алдағы уақытта экспортқа да шығарылмақ. Бұл өз кезегінде ауданның инвестициялық тартымдылығын арттырып, жергілікті бюджетке түсетін түсім көлемін ұлғайтады.

Айта кетерлігі, инвесторлар дайын өнімдерді сақтау және логистиканы тиімді ұйымдастыру мақсатында қосымша қойма салу үшін жер теліміне қажеттілік бар екенін жеткізді. Осыған байланысты Сүлеймен Жылқыбаев бұл мәселе назардан тыс қалмайтынын айтып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Возможно, это изображение больница

Жалпы, Келес ауданында жүзеге асып жатқан бұл жоба өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, отандық өнім көлемін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде бағалануда. Алдағы уақытта зауыттың ресми іске қосылуы аудан тұрғындары үшін тағы бір қуанышты жаңалық болмақ.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*