Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: 130-ҒА ЖУЫҚ ӨНДІРІСТІК ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: 130-ҒА ЖУЫҚ ӨНДІРІСТІК ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Сауран ауданында биыл өндіріс саласы қарқынды дамып, экономиканың нақты секторында айтарлықтай серпін байқалуда,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Жыл басынан бері ауданда жалпы саны 124 өндірістік жобаның құрылысы басталып, оның 35-і толық аяқталып, пайдалануға берілген. Бұл өз кезегінде аудан экономикасының өсуіне, жаңа кәсіпорындардың ашылуына және жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға оң әсер етуде.

Өндірістік жобалардың басым бөлігі Шаға, Иассы, Қарашық, Жүйнек және Үшқайық ауылдық округтерінде жүзеге асырылуда. Аталған аумақтарда инженерлік инфрақұрылымның қолжетімділігі, көлік-логистикалық мүмкіндіктердің болуы өндіріс орындарын орналастыруға қолайлы жағдай жасап отыр. Бұл – инвесторлар үшін де тартымды аймақтардың бірі.

Жоспарға сәйкес, өңірде құрылыс материалдарын шығаратын 36 цех, жиһаз дайындайтын 35 цех, азық-түлік өнімдерін өндіретін 25 кәсіпорын ашылады. Сонымен қатар резеңке және пластмасса бұйымдарын өңдейтін 8 цех, электротехникалық құрылғылар өндіретін 5 кәсіпорын, тігін өндірісімен айналысатын 5 фабрика іске қосылмақ. Бұдан бөлек, дәрі-дәрмек өндіретін 1 өндіріс орны, ауыл шаруашылығы жабдықтарын құрастыратын 8 кәсіпорын және қағаз өңдейтін 1 цехтың жұмысы жолға қойылады.

Аталған жобалардың іске асуы өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына тың серпін беріп, ішкі нарықты отандық өніммен қамтуға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар жаңа өндіріс орындарының ашылуы жүздеген жаңа жұмыс орнын құрып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал етпек.

Возможно, это изображение текст

Жалпы алғанда, өндірістік жобалардың қарқынды жүзеге асырылуы Сауран ауданының индустриялық әлеуетін арттырып, өңірдің экономикалық белсенділігін күшейтуге және ұзақ мерзімді тұрақты дамуына негіз болуда. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*