Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: 40 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖАРЫҚШАМ ОРНАТЫЛҒАН

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: 40 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖАРЫҚШАМ ОРНАТЫЛҒАН

Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайлы қалалық орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Соның айқын дәлелі – шаһар көшелерін жарықтандыру ісінің ауқымды көлемде жүргізілуі. Қазіргі таңда қала аумағында барлығы 37 302 жарықшам орнатылып, олар толықтай заманауи, энергия үнемдейтін технологиялармен жабдықталған.

Нет описания фото.

Қалалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бұл бастама түнгі уақытта тұрғындардың еркін әрі қауіпсіз қозғалуына мүмкіндік беріп қана қоймай, қоғамдық тәртіптің сақталуына және қала келбетінің көркеюіне де оң әсерін тигізіп отыр. Мамандардың айтуынша, жарықтандыру деңгейінің артуы жол-көлік оқиғаларының азаюына және қылмыстың алдын алуға да ықпал етеді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта қала аумағындағы 30 көшеде жаңа электр шамдарын орнату және жарықтандыру желісін жүргізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл көшелерде жарық беру жүйелері толық жаңартылып, техникалық талаптарға сай іске асырылуда. Жарықтандыру желісі автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы жұмыс істейді. Атап айтқанда, көше шамдары кешкі 18:20-да қосылып, таңғы 05:00-де өшіріледі. Бұл уақыт аралығы тұрғындардың түнгі мезгілдегі қозғалысына барынша қолайлы етіп белгіленген.

Алдағы уақытта Түркістан қаласының инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту аясында жарықтандыру желілерін кезең-кезеңімен жаңарту, қосымша жарық нүктелерін орнату жұмыстары жалғасын табады. Сонымен бірге, тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру шаралары да жоспарға сәйкес қолға алынған.

Нет описания фото.

Жалпы, көшелерді жарықтандыруға бағытталған бұл жұмыстар Түркістан қаласының қауіпсіз әрі заманауи қала ретінде дамуына, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және туристік тартымдылығын күшейтуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып отыр.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*