Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҮЗДІКТЕР БАЙҚАУЫНЫҢ МАРАПАТТАУ КЕШІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҮЗДІКТЕР БАЙҚАУЫНЫҢ МАРАПАТТАУ КЕШІ ӨТТІ

Сауран ауданында жастардың кәсіби, шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру, олардың еңбегі мен жетістіктерін кеңінен насихаттау мақсатында «Жыл үздігі – 2025» байқауының салтанатты марапаттау кеші ұйымдастырылды,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Бұл шара аудан жастары үшін жыл бойғы тынымсыз еңбектің қорытындысын шығарып, үздіктерді ұлықтаған маңызды әрі мазмұнды кешке айналды.

Возможно, это изображение один или несколько человек и толпа

Іс-шара барысында ғылым, білім, спорт, мәдениет, кәсіпкерлік, мемлекеттік қызмет және өзге де әлеуметтік маңызы бар салаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізген белсенді жастар 19 номинация бойынша марапатталды. Әр номинация иесі өз саласында табандылығы мен ізденісінің, жауапкершілігі мен белсенді азаматтық ұстанымының арқасында үздік атанғанын айқын көрсетті. Бұл – жастарға деген сенімнің, олардың қоғам дамуындағы рөлін жоғары бағалаудың нақты көрінісі.

Нет описания фото.

Салтанатты кештің ашылуында Сауран ауданы әкімінің орынбасары Б. Букебаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Б. Сүлейменов, Сауран аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. Баймұратов сөз сөйлеп, байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтады. Құттықтау сөздерінде олар жастардың ел болашағы үшін атқарып жатқан еңбегін ерекше атап өтіп, жас буынға зор үміт артылатынын жеткізді. Сонымен қатар, адал еңбек пен табандылық кез келген жетістікке жетелейтінін айтып, жастарды алға қойған мақсаттарынан таймауға шақырды.

Марапаттау кеші барысында жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталып, олардың жетістіктері көпшілікке үлгі ретінде ұсынылды. Залда жиналған жастардың жүзінен қуаныш пен мақтаныш сезімі байқалып, шара жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны аңғарылды.

Айта кету керек, «Жыл үздігі – 2025» байқауы – жастардың әлеуетін ашуға, олардың азаматтық белсенділігін қолдауға және қоғамдық бастамаларға ынталандыруға бағытталған маңызды алаң. Мұндай жобалар жас ұрпақтың өзіне деген сенімін нығайтып, ауданның қоғамдық-саяси және әлеуметтік өміріне белсене араласуына жол ашады.

Возможно, это изображение помост и текст

Жалпы, Сауран ауданында жастар саясатына ерекше көңіл бөлініп, олардың дамуына бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасып келеді.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*