Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында заң мен тәртіпті сақтау, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы беделін арттыру және Тәуелсіз елдің еңбек адамының рөлін кеңінен насихаттау мақсатында, сондай-ақ «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында аудандық мәдениет үйінде мазмұны терең, тағылымы мол салтанатты жиын өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Маңызды басқосу адал еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген жұмысшы мамандық иелерін ұлықтауға, жастарға еңбекке деген құрметті дәріптеуге бағытталды.

Возможно, это изображение помост и текст

Салтанатты жиын басталар алдында мәдениет үйінің фойесінде жас мамандардың кәсіби жетістіктері мен тынымсыз еңбектерін айшықтайтын арнайы көрме көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеде колледж студенттері мен жас мамандардың қолөнер бұйымдары, түрлі өндірістік жобалары, шеберлікпен орындалған жұмыстары, сондай-ақ оқу-өндірістік тәжірибе барысында жасаған тың бастамалары таныстырылды. Әрбір экспонаттан жастардың өз мамандығына деген қызығушылығы мен жауапкершілігі айқын байқалды. Аудандағы арнаулы орта білім беру ұйымдары бұл көрмеге белсенді түрде қатысып, өздерінің кәсіби даярлығының жоғары деңгейде екенін, еңбек нарығына білікті маман даярлауға бейім екенін көрсете білді.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев қатысып, жиналған қауымды айтулы бастамамен құттықтады. Ол өз сөзінде жұмысшы мамандықтарының ел экономикасын алға сүйрейтін негізгі күш екенін атап өтіп, қарапайым еңбектің қадірін арттыру – баршамыздың ортақ міндетіміз екенін жеткізді. Сонымен қатар жиынға түрлі мекеме басшылары, әр салада табанды еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандық иелері, колледж студенттері мен білім беру ұйымдарының жас қызметкерлері қатысты. Өз ісіне адал, көптің көзінен тасада қалып жүрген кіші қызметкерлер де назардан тыс қалмай, арнайы алғыс хаттар мен марапаттарға ие болды.

Возможно, это изображение отдел новостей и текст

Салтанатты жиын соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласып, өнерпаздардың әсем әні мен әсерлі қойылымдары қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл басқосу Сарыағаш ауданында еңбек адамын қадірлеу дәстүрінің берік қалыптасқанын тағы бір мәрте дәлелдеп, жастарды адал еңбекке, кәсіби шеберлікке үндеген тағылымды шара ретінде есте қалды.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*