Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сарыағаш ауданында елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында бірқатар жүйелі жобалар кезең-кезеңімен іске асырылып келеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Бұл жұмыстар, ең алдымен, шалғай ауылдарды қажетті инженерлік желілермен қамтамасыз етуге және әлеуметтік теңдікті сақтауға бағытталған. Осы ретте, аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіндегі құрылыс нысанына арнайы барып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың жай-күйін бақылады.

Возможно, это изображение текст "5574BCU13 TY"

Нысан басында аудан басшысы жауапты сала мамандарымен бірге құрылыс барысын қарап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына және қарқынына назар аударды. Мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарын жеделдету, белгіленген талаптар мен стандарттарды қатаң сақтау және нысандарды уақытында пайдалануға беру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар тиісті бөлім басшылары мен ауыл әкіміне әрбір жобаның орындалу барысы туралы тұрақты түрде есеп беріп отыруды міндеттеді.

– Елді мекендерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – аудандағы ең өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі таңда тұрғындарды ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз ету бағытында кезең-кезеңімен жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың барлығы халықтың тұрмысын жақсартуға, әлеуметтік қолайлылықты арттыруға бағытталған, – деді аудан әкімі нысан басындағы жиын барысында.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Бүгінгі таңда Дарбаза ауылдық округіне қарасты аумақтарда магистралды газ құбырын тарту жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Аталған жоба аясында Тасқұдық елді мекені маңынан Қарақалпақ және Шайхана елді мекендеріне бағытталған жеткізуші газ құбырының қосылу жұмыстары іске асырылып жатыр. Қазіргі уақытта табиғи газ құбырының шамамен 25 пайызы тартылып үлгерген. Жобаның жалпы ұзындығы 49,957 шақырымды құрайды.

Аталған маңызды инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру мердігер «Ынтымақ-ОК» ЖШС-іне жүктелген. Ал тапсырыс беруші ретінде «Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленген. Жауапты мекемелердің мәліметінше, құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сай жүргізілуде және барлық техникалық талаптар сақталуда.

Нет описания фото.

Айта кету керек, табиғи газдың елді мекендерге жетуі тұрғындардың тұрмыстық жағдайын айтарлықтай жеңілдетіп, отын шығынын азайтуға, экологиялық ахуалды жақсартуға және ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді. Аудан басшылығы алдағы уақытта да инфрақұрылым саласын дамытуға басымдық беріп, халықты сапалы қызметтермен қамту жұмыстарын жалғастыра беретінін атап өтті.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*