Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖИЫН ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖИЫН ӨТТІ

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев қалалық әділет департаментінің ұжымымен жиын өткізді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құныдылықтарын дәріптеуді мақсат еткен онлайн режимде өткен шараға қалалық әділет департаменті басшысының орынбасары А.Исабекова, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Қ.Анарбаев, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар қатысты.
Өз кезегінде Талғар Серікбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтарды баяндап, жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша қабылданған шаралардан хабардар етті.
Жиын барысында жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдар үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салуды белгілеу, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен судьялардың сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге, Парламент депутаттары мен судьяларға шетелдік банктерде шоттар ашуға және иеленуге тыйым салу туралы заңнама нормалары түсіндірілді.
Ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Қайрат Анарбаев жемқорлықтың алдын алудағы насихаттық жұмыстар оң әсер беретінін атап өтті. Сондай-ақ, ол адам бойындағы асыл қасиеттер: адалдық, парасаттылық, әділдік құндылықтарын қоғам арасында кеңінен насихаттаудың маңызылығына тоқталды.
«Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар Жобалық кеңсемен қолға алынған жобалардан хабардар етіп, жемқорлықпен күресте бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Жиын соңында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруды әрбір азамат өзінен бастауы тиіс екені аталып өтті.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*